Жаңалықтар

Абай мен Толстойдың шаңырағы меморандумға қол қойды

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі мен Л.Н.Толстойдың «Ясная-Поляна» мемлекеттік музей-усадьбасы қос тараптан шығармашылық ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Бұдан бұрында шығармашылық байланыста болып келген музейлердің болашақтағы шаралар жоспары айқындалған. Атап өтетін болсақ, үстіміздегі 2019 жылы Л.Н.Толстойдың «Ясная Поляна» мемлекеттік музей-усадьбасы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейіне көрме әкеледі. Ал, 2020 жылы қос тарап әлем классиктерінің мұрасын сақтау мен насихаттау мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми конференция өткізуді...

Абай музейінің көрмелері қала мектептерінде

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ғылыми қызметкерлері «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында қаламыздағы №13 мектеп ұжымымен кездесті. Кездесу барысында Абай, Шәкәрім, М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына арналған дәріс оқылып, «Абай жолы – Алашты паш еткен әлемге» тақырыбындағы жылжымалы көрме таныстырылды. Ел болашағына баланған жас өрендер ойларында жүрген сұрақтарына жауап алып, үш алыптың халқына қызмет еткен қайраткерлік істерін көңілдеріне қондырды. Сондай-ақ, мектеп оқушылары...