Жаңалықтар

Көне жәдігерлер көрмесі

Абай музейінде «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Тарихи Түркістан» тақырыбындағы көрмесінің ашылу салтанаты өткізілді.

Аталған көшпелі көрме ІІІ-XVIII ғасырларға тән музей қорындағы нумизматикалық материалдар бойынша жасақталған. Бұған қоса Қазақстанның ортағасырлық тарихында, оның ішінде қазақ халқының мемлекеттілігінің қалыптасуы және дамуы барысында ерекше орын алатын тарихи-географиялық аймақтар хақында да мол мәліметтер қамтылған.

Көрменің ашылу рәсімінде сөз алған Абай музейінің директоры, академик, әдебиеттанушы-философ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Тұрдықұл Қасенұлы киелі Түркістан елінен келген музей маманы Берік Байболовқа ризашылығын білдіріп, музей директоры Мәулен Жарылқасынұлын алғыс хатпен марапаттап және Абай музейінің баспа өнімдерін сыйға тартты.

«Тарихи Түркістан» көрмесінің ашылуына қатысқан Семей қаласының тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері бес бөлімнен тұратын көрмеде 25 мыңнан астам жәдігер сақталған «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының қызметкері таныстырған экскурсияны тыңдады.

 

Жаңалықпен бөлісіңіз