Жаңалықтар

Музей түні: Абай әлеміне саяхат

МУЗЕЙ ТҮНІ: АБАЙ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ

«Желсіз түнде жарық ай» музей түні аясында Семей қаласының тұрғындары мен қонақтары Абай музейінен орын алған хакім Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған музей экспозицияларымен танысып, музей қызметкерлері жүргізген экскусияны тыңдап, Абай әлеміне сапар шекті.

Музей түнінде руханият ордасына жиналған жұртшылық Абай заманындағы құнды жәдігерлермен және данышпан ақын алақанының табы қалған аса бағалы экспонаттармен, архив деректері және құжаттарымен танысуға мүмкіндік алды.

 

Жаңалықпен бөлісіңіз