Жаңалықтар

«АБАЙТАНУДЫҢ АСҚАН БІЛГІРІ» МӘДЕНИ ШАРА

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы мен Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті бірлесе қазақтың көрнекті ғалымы, әдебиет зерттеушісі, абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Абайтанудың асқан білгірі» атты мәдени шара ұйымдастырды. Бүгінде мемлекеттік мәртебедегі музей-қорыққа айналған қасиетті қара шаңырақта Қайым Мұхамедханов жәдігерлер мен ұлы ақын жайындағы естеліктер, қолжазбалардың жиналуына мол еңбек сіңірді. Осы әдеби музейді абайтану саласының ғылыми орталығына...

Кәмен Оразалиннің 105 жылдығына арналған «Абай өнегесін үлгі еткен қаламгер» атты көрме

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында 18 мамыр күні халықаралық музейлер күніне орай жазушы, ұлағатты ұстаз, соғыс ардагері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Парасат» орденінің иегері, Абай ауданының құрметті азаматы Кәмен Оразалиннің 105 жылдығына арналған «Абай өнегесін үлгі еткен қаламгер» атты көрме ашылды. Көрмеде М.Әуезовтің Кәмен Оразалинға жазған хатының түпнұсқасы, жазушының жеке заттары (сағаты, қаламы), «Абай...

«Алаштың алдаспаны» байқауы

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесе ұйымдастырылған ақын, жазушы, Алаш қайраткері Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына орай арнайы оқу орындары оқытушылары арасында «Алаштың алдаспаны» интеллектуалдық квизі өтті. Әдеби-танымдық байқау 1917 жылдың 5-13 желтоқсан күндері өткен ІІ жалпықазақ сьезінің маңызы мен мәнін насихаттау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Қазақ даласын дүр сілкіндірген бұл...

Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай «Қазақтың рухын оятқан тұлға» атты тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында Алаш қозғалысының жетекшілерінің бірі, ақын, жазушы және қоғам қайраткері Міржақып Дулатовтың туғанына 140 жыл толуына орай «Қазақтың рухын оятқан тұлға» атты тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды. Міржақып Дулатов 1885 жылы 21 қарашада Торғай облысында дүниеге келген. Ата-анасынан ерте айырылса да, білім алып, ауыл мұғалімі атанды. Ол Ахмет Байтұрсынов сабақ берген қазақ-орыс училищесінде оқыды. Саяси қызметін 1905...

«АЛЕЛ» ҚАРЖЫ-ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ КОРПОРАЦИЯСЫ ЖИДЕБАЙ ҚОРЫҒЫНА АРНАЙЫ ТЕХНИКА ТАБЫСТАДЫ

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында «Алел» қаржы-инвестициялық корпорациясы демеушілігімен Жидебай қорығына арнайы техника табыстаудың салтанатты рәсімі өтті. Шара аясында Абай музей-қорығының директоры Ұ.Сағадиев «Алел» қаржы-инвестициялық корпорациясына ұлы ақын музейіне көрсетілген демеушілікке үлкен алғыс білдіріп, корпорация өкілі А.Бурмистровты «Абай» медалімен марапаттап, сый көрсетті. Және осы демеушілік көмектің Абай облысының прокуратурасының үйлестіруімен жүзеге асқанын атап айтты. Сонымен қатар ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері, профессор...

Абай мұрасы – халық даналығы» атты көрмесі

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде қазақ әдебиетінің ұлы тұлғасы, ақын, философ Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Абай мұрасы – халық даналығы» атты көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл іс-шара Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Көрмеге ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінен арнайы меймандар қатысты, олардың арасында Абайдың алыс тумасы, Ләйлә Баймағамбетова Мухлисқызы да бар. Көрме Абай Құнанбайұлының өмірі...

«БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА» КӨРМЕСІНІҢ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ

 Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында Қазақстан халқының бірлігіне арналған «Бір шаңырақ астында» көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрме Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафттық музей-қорығының қор топтамасынан алынған жәдігерлерге негізделген. Көрмеге XIX-XX ғасырлардың соңында жасалған күнделікті және мерекелік 15 халықтық киім ұсынылды Келушілер қазақ, ұйғыр, орыс, беларусь, корей, түркімен және басқа да ұлттар киімдерінің сирек кездесетін ерекшеліктерін көріп, олардың қалыптасу және қолданылу тарихымен танысты. Қонақтардың...

Тарихи — мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының ғылыми кітапхана қоры жаңа кітаптармен толықты.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи - мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының ғылыми кітапхана қоры жаңа кітаптармен толықты. 

«Алаш арыстары — Мұхтар Әуезов» музейінде танымдық экскурсия өткізілді.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының бөлімі «Алаш арыстары - Мұхтар Әуезов» музейінде Абай облысы «Семей қаласының №3 арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету және белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» қызмет алушыларына арналған танымдық экскурсия өткізілді. Танымдық шарада музей меңгерушісі Қ.Қиықбай тарихи тұлғалардың ізі қалған мекен мен Алаш қайраткерлеріне қатысты мағлұмат ұсынды.