Жаңалықтар

Абай музейі Қазақстан делегациясымен Өзбекстанда

Абай музейі Қазақстан делегациясымен Өзбекстанда

2022 жылдың 12 желтоқсанында Өзбекстан Республикасының астанасы Ташкент қаласында «ХІХ ғасырдағы өзбек және қазақ ойшылдарының дүниетанымындағы ортақ тарихи-мәдени мұраны нығайту және дамыту мәселелері» тақырыбында халықаралық ғылыми-тәжірибиелік конференция өтті. Бұл конференцияға Қазақстан Республикасы делегациясының құрамында Абай музейінің директоры Т.Шаңбай, ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаева, ғылыми қызметкерлер Н.Боранбаев, Г.Кадирсизова болды. Сонымен қатар, Т. Шаңбай “Абай және еркіндік фәлсапасы” тақырыбында баяндама жасады.

Жаңалықпен бөлісіңіз