Жаңалықтар

Семейде «Ордасы ұлы Абылайдың» көрмесі

«Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында «Абылай хан Резиденциясы» ұйымдастыруымен «Ордасы ұлы Абылайдың» тарихи-танымдық көрмесі ашылды.

Ашылу салтанатында сөз алған Абай музейінің директоры Тұрдықұл Шаңбай Абай елімен Қызылжар аймағы халқының арасын жалғаған осынау көрменің ерекше маңызға ие екенін атап өтіп, алыстан келген музей мамандарына ризашылығын білдіріп, Семей қаласына арнайы табан тіреген музей қызметкерлеріне алғыс хаттарды табыстап, Абай музейінің баспа өнімдерін сыйға тартты.

Көрмені тамашалаған Семей қаласының тұрғындары мен қонақтары және Маңғыстау облысы Ақтау қаласы дебат ойындарының жеңімпаздары өз мемлекетінің тәуелсіздігі үшін күрескен ұлы мемлекеттік қайраткер Абылай хан туралы тарихи деректермен танысып, музей қорында сақталған жәдігерлердің сырына үңілді.

Аталған көрме Семей жұртшылығы мен меймандары үшін екі апта бойына қызмет көрсететін болады.

 

Жаңалықпен бөлісіңіз