Жаңалықтар

«Мұхтар мұрасы – адамзат қазынасы» аймақтық білім сайысы өтті.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында қыркүйек айының 26 күні қазақ әдебиетінің классик жазушысы, ғұлама ғалым М.О.Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Мұхтар мұрасы – адамзат қазынасы» атты аймақтық білім сайысы өтті.

Дәстүрге айналған аталмыш сайысты өткізудегі басты мақсат – классик жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылық әлемін келешек жас буынның санасына сіңіріп, әр қырын терең білуге ынталандыру және кеңінен насихаттау.

Сайысқа жалпы саны 75 үміткер қатысты. Олар қала және қала маңындағы мектептердің 8-11 сынып оқушылары. Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

     Мәнерлеп оқу сайысының жүлдегерлері:

I орын – №47 мектептің оқушысы Сағындыкова Еркеназ

II орын – №35 мектептің оқушысы Адылгазиева Амина

III орын – №36 мектептің оқушысы Күмісбек Ләззат

     Ақындық мүшәйраның жүлдегерлері:

І орын – Шәкәрім атындағы №5 гимназияның оқушысы Дүйсембаева Дана

ІІ орын – Б.Исадилов атындағы мектептің оқушысы Халықова Ләззат

ІІІ орын – №38 мектептің оқушысы Мейранбек Кәусар

«Мұхтар мұрасы – адамзат қазынасы» сайысы жыл сайын өз жалғасын таба бермек.

Жаңалықпен бөлісіңіз