Автор - Goodsite

Абай мұрасы Солтүстік Қазақстанда насихатталды

30 қыркүйек күні Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, "Абылай хан резиденциясы" музей кешенінде Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Адамзаттың Абайы» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Салтанатты шараға Петропавл қаласының мәдениет басқармасы, М.Қозыбаев атындағы университет оқытушылары мен ғалымдар, студенттер және қалалық, облыстық БАҚ өкілдері қатысты. Қалалық филармония әнші және бишілерінің сүйемелдеуімен салтанатты шара...

“Заманның заңғар жазушысы”

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде 28 қыркүйек күні жазушы, ғұлама ғалым, драматург М.Әуезовтің туған күніне орай «Заманның заңғар жазушысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жазушы Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайлы жазу арқылы қазақ халқының өмірлік энциклопедиясын әлем әдебиетіне танымал етті. Қазіргі қазақ прозасы М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясымен дүниежүзі әдеби классикасының шырқау шыңына шықты. Музей кітапханасында жазушының әр жылдары баспадан жарық көрген «Абай жолы» роман-эпопеясы және осы шығарманың шет тілдердегі аудармалары ,...

Алашты ардақтаған ұлы есім

28 қыркүйек күні жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туған күніне орай Бөрлідегі музей ұжымы М.Әуезов атындағы орта мектебінің 10-11 сынып оқушыларымен, кітапханашы А.Сабырбекова, З.Даутовамен бірлесіп кеш өтті. Кеште оқушылар «Абай жолы» романынан, «Қорғансыздың күні» әңгімелерінен үзінде оқып, жазушыға арналған кітап көрмесін тамашалады. Кеш соңы ән мен күйге ұласты.

Ақын музейіне Жапония елінің елшісі келді

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейіне Қазақстандағы Жапония елінің Төтенше және Өкілетті елшісі Джун Ямада және хатшысы Иватарэ Отаро қонаққа келді. Жапон елшісі ұлы ақын музейін аралап, өзін қызықтырған сауалдарға жауап алып, музейдегі «Құрмет» кітабына қолтаңбасын қалдырды. Сонымен қатар, музей директоры Т.Шаңбай сый табыстап, естелік суретке түсті. Абай музейінің директоры Тұрдықұл Шаңбай Жапония елінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Джун Ямадамен екеуара болған...

Шәкәрім мұрасы Сарыарқа жерінде

Бүгін Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі Қарағанды қаласы, Шәкәрім атындағы гимназияда Шәкәрім Құдайбердіұлы музейінің ашылуына орай «Әрқашан ұмытылмасқа» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Көрмеге қазақтың классик ақыны, ойшыл, композитор Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына байланысты құнды жәдігерлер, құжаттар, архив деректері және кітаптар қойылды. Салтанатты шараға Абай музейінің директоры Т.Шаңбай, директордың ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаева, Алматы қаласынан шәкәрімтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Б.Әбдіғазиұлы, Қарағанды облысы...

Шәкір Әбенұлының музейі қайта жасақталды

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында, ақын, күйші, сазгер Шәкір Әбенұлының 120 жылдық мерейтойына орай Абай музейіне қарасты Абай ауданы Құндызды елді-мекенінде орналасқан Ш.Әбенұлы музейін қайта жасақтап ашылу салтанатын өткізді. Салтанатты жиынды Абай музейінің директоры Т.Шаңбай алғы сөзімен бастап берді. Әрмен қарай Абай ауданының әкімі Н.Әбдікәрімов пен ақын ұрпағы С.Шәкірқызы жалғастырды. Жалпы Абай шаңырағы адуынды ақын, батагөй ақсақал Шәкір...

Музей қоры тағы бір бейнелеу өнер туындысымен толықты

Бүгін Абай музейінің қорына кейінгі жылдары сирек кездесетін линогравюра техникасымен жасалған сурет сыйға берілді. 1995 жылы салынған «Шілде» деп аталатын суреттің авторы Ақтөбе қаласының тұрғыны, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Абай Құнанбайұлына арналған көптеген сурет графикасын жасаған суретші-график Таймас Телеушев. Ол бейнелеу өнеріне қосқан ерекше үлесі үшін «Ерен еңбегі үшін» медалімен марпатталған. Құлағы естімейтін әрі сөйлей алмайтын суретшінің бұл туындысын Семей қаласының саңырау-мылқау...

Көкбай Жанатайұлы мұрасы тәуелсіздік танымы аясында

Бүгін Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ұйымдастырумен Көкбай Жанатайұлының 160 жылдық мерейтойына арналған «Көкбай Жанатайұлы мұрасы тәуелсіздік танымы аясында» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға еліміздің әр өңірінен ғалымдар, мектеп және жоғарғы оқу орындары, музей қызметкерлері және Көкбай Жанатайұлының ұрпағы Амангелді Көкбаев қатысты. Республикалық конференция барысында филология ғылымдарының докторы, профессор А.Еспенбетов «Көкбай-ұлы Абайдың шәкірті», «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу институтының директоры Ж.Әубәкір «Ұлт руханиятындағы Көкбай...

Көкбай Жанатайұлына 160 жыл

Көкбай Жанатайұлының музейі  Абайдың досы, талантты шәкірттерінің бірі, ақын, әнші, композитор Көкбай Жанатайұлының Тақырдағы медресесі 1901 жылы, мешіті 1908 жылы салынған. К.Жанатайұлының мешіт-медресесі 1997 жылы қайта қалпына келтіріліп, көрме экспозициясы ретінде ашылса, 2011 жылы ақынның 150 жылдық мерейтойына орай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Абай қорық-музейінің бөлімі ретінде ашылды. Биылғы жылы Көкбай ақынның туғанына 160 жыл мерейтойына орай жаңарту, жаңғырту жұмыстары жүргізіліп 10 қыркүйек...

Бақтияр Қожахметов біздің музейде

Бүгін Абай музейіне «Ұлы тағзым» қоғамдық қорынан Қазақстанның материалдық емес мұрасы бойынша ЮНЕСКО-ның өкілі Бақтияр Қожахметов арнайы келіп, ЮНЕСКО-ның Ұлттық комиссиясының тапсырмасымен Семей қаласындағы қолөнер шеберлерімен кездесті. Кездесу барысында шеберлер қоғамдық қор ұсынған сауалнамаларды толтырып, пікір алмасты.