Автор - Goodsite

Шығыс Қазақстан Өнер музейінің қонақтар

Бүгін Абай музейіне Шығыс Қазақстан Өнер музейінің қызметкерлері арнайы іссапармен келді. Қонақтар музей экспозициясымен танысып, музей қорына "Абай әлемін ашу" эссе жинағын сыйға тартты.

«Ядролық сынақтардан азат әлем» көрмесінің ашылуы өтті

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде 28 шілде күні Семей ядролық полигонның жабылуына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Ядролық сынақтардан азат әлем» мүсіндер көрмесінің ашылу өтті. Көрменің авторы суретші, мүсінші, қолөнер шебері Қ.Аймұханбетов. Көрмеде қолөнер шеберінің жиырмадан астам туындылары ел назарына ұсынылды. Айтулы шараны Абай музейінің директоры, әдебиеттанушы-философ Тұрдықұл Шаңбай ашты. Музей басшысы: «Біздің музей даналықтың музейі. Музей қызметінің басты кредосы хакім Абайдың...

«Ертістің арғы жағы, бергі жағы…»

Ақын Төлеген Жанғалиевтің «Ертістің арғы жағы, бергі жағы...» атты жаңа жыр жинағының тұсауы кесілді. Абайдың қасиетті қара шаңырағында бүгін Шыңғыстаудың төрінен, ұлылардың елінен келген Қазақстан Жазушылар және Журналистер Одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, ақын Төлеген Жанғалиевтың «Ертістің арғы жағы, бергі жағы...» атты жаңа жыр жинағының тұсауы кесілді. Былтырғы жылы ақынның 70 жас мерейтойы қауіпті індеттің кесірінен тойланбай қалған...

Күмбезді зал

Музейдің Күмбезді ғимараты ақын Абай Құнанбайұлының 150 жылдық мерейтойы қарсаңында салынған. Бас музейдің жаңа ғимараты қаламыздың сәулет өнерінде өзіндік архитектуралық ерекшілігімен өзгешеленеді. Күмбезді ғимаратта қазіргі кезде «Абай. Жыл мезгілдері» залы орналасқан. Музей экспозициясы Абай Құнанбайұлының жыл мезгілдеріне арнап жазылған өлеңдері негізінде жасалған. Экспозиция шаңырақ бейнесінде көрсетілген. Шаңырақ – мемлекеттің негізі, отбасының бейнесі болып табылады. Экспозицияда Абай Құнанбайұлының өлкетану музейіне тапсырған заттары ерекше орын...

«Шәкәрім даналығы» сайысының қорытындысы

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі және Семей қаласының Білім бөлімі ұйымдастырған Ш.Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына арналған қашықтан өткізілген «Шәкәрім даналығы» сайысының қорытындысын назарларыңызға ұсынамыз: Сайыс қорытындысы бойынша І-орынды Ы.Алтынсарин атындағы №37 гимназия оқушысы Н.Мезібаева ІІ-орынды А.Байтұрсынов атындағы №47 мектеп оқушысы А.Советбекова және №36 мектеп оқушысы С.Шәкіртова ІІІ-орынды №15 мектеп оқушысы Т.Тұрсынқанова, №30 мектеп оқушысы А.Керімханова және Бөкенші мектебінің оқушысы А.Айтқалиева иеленді. Сайыстың...

«Ахат Шәкәрімұлы. Шығармалары»

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінде ұстаз, ақын Ахат Шәкәрімұлының 120 жылдық мерейтойына орай жарық көрген «Ахат Шәкәрімұлы. Шығармалары» академиялық жинағының таныстырылымы өтті. Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің ғылыми концепциясының жеті бағытының бірі концептуалды бағыт деп аталады. Осы концептуалды бағыт аясында Абай музейіне тікелей қатысы бар тұлғалардың мұрасын қорда бар деректермен толықтырып шығару және монографиялар мен ғылыми зерттеулер жазу жоспарланған болатын. Бұл...

Ақылбай Абайұлына 160 жыл

  Ақын, әнші. Абайдың ақындық мектебінің өкілі Ақылбай Абайдың Ділдәдан туған тұңғыш баласы. Ол Құнанбайдың кіші әйелі Нұрғанымның қолында өседі. Он жасқа шыққан кезінде Ақылбайды Ғабитхан деген татар молдаға оқуға береді, онда 4-5 жыл оқиды.     Ақылбай талантты домбырашы болады, ән айтуды,   өлең шығаруды машық етеді. Оның жастық, махаббат тақырыбына жазған көптеген өлеңдері болған. 1895 жылы Әбдірахман өліміне жазған жоқтау өлеңі, кейін 1904 жылы інісі Мағауияның...

Орал қаласымен өткен онлайн конференция

6 қаңтар күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі директорының ғылыми жұмыстары жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаева  Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі ұйымдастырған «Абайдың рухани құндылықтары тәрбие арнасында» атты ғылыми тәжірибелік конференцияға қатысты. Семей және Орал өңірінің педагог, музей мамандары қатысқан онлайн шарада М.Сейтжапарқызы «Абай Құнанбайұлы мұрасын насихаттаудағы ақын музейінің рөлі» тақырыбында баяндама жасады.

Қайым естеліктерінен

ҚАЙЫМ ЕСТЕЛІКТЕРІНЕН – Мұхтар екеуіміз идеямызды қорғай алдық. Әріптестеріміздің, дос болғандарымыздың көбі сатылып, жалақорға айналды. Олар Мұхтардың отыз жыл бойғы еңбегін жоққа шығаруға тыраштанды; мені Әуезовтің құйыршығы деді; Шәкәрімді қарақшы деді. Тағдыр бізді төкпештеді, бірақ жасыта алмады. Мені қойшы... Абай, Мұхтар, алашордалықтар әділетсіздік тауқыметін көп тартты. Әсіресе Мұхтар пәлеқор-жалақор тобырмен өмір бойы дерлік алысты-жұлысты... Иә, біз ғылыми идеямыздан ауытқымадық. Уақыт –...

«Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткіш ашылды

Семей қаласына жұмыс сапарымен келген Президент Қасым-Жомарт Тоқаев музей аумағындағы «Ұлы ақын Абай ұлдарымен» ескерткішін ашты. Ақынның фотосуреті негізінде бой көтерген ескеркіштің авторы – ұлдарының ұлы әкесіне деген ерекше махаббаты мен шексіз мақтаныш сезімін бейнелеуді мақсат еткен, мүсінші Нұрбол Қалиев. Қоладан тұрғызылған ескерткіштің биіктігі – 5 метр. Композиция данышпан Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ашылды. Ескерткіште Абай ұлдары Ақылбаймен және...