Қайым естеліктерінен
ҚАЙЫМ ЕСТЕЛІКТЕРІНЕН – Мұхтар екеуіміз идеямызды қорғай алдық. Әріптестеріміздің, дос болғандарымыздың көбі сатылып, жалақорға айналды. Олар Мұхтардың отыз жыл бойғы еңбегін жоққа шығаруға тыраштанды; мені Әуезовтің құйыршығы деді; Шәкәрімді қарақшы деді. Тағдыр бізді төкпештеді, бірақ жасыта алмады. Мені қойшы... Абай, Мұхтар, алашордалықтар әділетсіздік тауқыметін көп тартты. Әсіресе Мұхтар пәлеқор-жалақор тобырмен өмір бойы дерлік алысты-жұлысты... Иә, біз ғылыми идеямыздан ауытқымадық. Уақыт –...