Жаңалықтар

Абай мен Толстойдың шаңырағы меморандумға қол қойды

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі мен Л.Н.Толстойдың «Ясная-Поляна» мемлекеттік музей-усадьбасы қос тараптан шығармашылық ынтымақтастық меморандумына қол қойды.

Бұдан бұрында шығармашылық байланыста болып келген музейлердің болашақтағы шаралар жоспары айқындалған. Атап өтетін болсақ, үстіміздегі 2019 жылы Л.Н.Толстойдың «Ясная Поляна» мемлекеттік музей-усадьбасы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейіне көрме әкеледі. Ал, 2020 жылы қос тарап әлем классиктерінің мұрасын сақтау мен насихаттау мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми конференция өткізуді жоспарлап отыр.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» қорық-музейінің баспасөз қызмет.

Жаңалықпен бөлісіңіз