Жаңалықтар

Абайды ардақтаған жазушы музей-үйі ашылды

АБАЙДЫ АРДАҚТАҒАН ЖАЗУШЫ МУЗЕЙІ-ҮЙІ АШЫЛДЫ ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының ұйымдастыруымен Абай ауданы Қарауыл ауылында көрнекті халық жазушысы, ұлағатты ұстаз, абайтану мен мұхтартану саласында қалам тербеген дарынды жазушы, Отанын қорғаған майдангер Кәмен Оразалин музей-үйі ашылды. Сексен жылдан астам тарихы бар Абай музейінің жыл сайын қарыштап дамып, жақсы жаңалықтарымен жұртшылықты қуантып келе жатқаны белгілі. Бүгінгі таңда ашылып отырған Кәмен...

«Бай – қуатты болайық!» көрмесі ашылды

«БАЙ – ҚУАТТЫ БОЛАЙЫҚ!» КӨРМЕСІ АШЫЛДЫ Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында Қазақ телевизиясында 47 жыл қызмет атқарған ардагер журналист Нұртілеу Иманғалиұлының 70 жылдығына арналған «Бай-қуатты болайық!» көрмесінің ашылуы өтті. Ашылу салтанатына Абай облысы Қоғамдық даму басқармасының басшысы А.Садырбаев, Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Н.Тасболатқызы, «Семей» телеарнасының басшысы Х.Советханұлы, филология ғылымдарының докторы А.Еспенбетов, Н.Иманғалиұлының жұбайы Қарлығаш Советбекқызы және зиялы қауым өкілдері мен БАҚ өкілдері...

«Абай туралы естеліктер» оқырманға жол тартты

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында «Абай туралы естеліктер» көрмесі ашылды және «Абай туралы естеліктер» жинағының таныстырылымы өтті. Шараға қала кітапханашылары, ұстаздар, студенттер, зиялы қауым өкілдері, баға жетпес естелік жазған тұлғалардың ұрпақтары және жинақтың шығуына демеушілік көрсеткен Балтабек Нұрғалиұлы арнайы қатысты. Көрмеге Абай музейінің қорында сақталған құнды қолжазбалар мен деректер қойылса, «Абай туралы естеліктер» жинағына Турағұл Абайұлының «Әкем Абай туралы», Көкбай...

«Мұхтар мұрасы – адамзат қазынасы» аймақтық білім сайысы өтті.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында қыркүйек айының 26 күні қазақ әдебиетінің классик жазушысы, ғұлама ғалым М.О.Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Мұхтар мұрасы – адамзат қазынасы» атты аймақтық білім сайысы өтті. Дәстүрге айналған аталмыш сайысты өткізудегі басты мақсат – классик жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылық әлемін келешек жас буынның санасына сіңіріп, әр қырын терең білуге ынталандыру және кеңінен...

Семейде «Ордасы ұлы Абылайдың» көрмесі

«Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында "Абылай хан Резиденциясы» ұйымдастыруымен "Ордасы ұлы Абылайдың" тарихи-танымдық көрмесі ашылды. Ашылу салтанатында сөз алған Абай музейінің директоры Тұрдықұл Шаңбай Абай елімен Қызылжар аймағы халқының арасын жалғаған осынау көрменің ерекше маңызға ие екенін атап өтіп, алыстан келген музей мамандарына ризашылығын білдіріп, Семей қаласына арнайы табан тіреген музей қызметкерлеріне алғыс хаттарды табыстап, Абай музейінің баспа өнімдерін...

Көне жәдігерлер көрмесі

Абай музейінде «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Тарихи Түркістан» тақырыбындағы көрмесінің ашылу салтанаты өткізілді. Аталған көшпелі көрме ІІІ-XVIII ғасырларға тән музей қорындағы нумизматикалық материалдар бойынша жасақталған. Бұған қоса Қазақстанның ортағасырлық тарихында, оның ішінде қазақ халқының мемлекеттілігінің қалыптасуы және дамуы барысында ерекше орын алатын тарихи-географиялық аймақтар хақында да мол мәліметтер қамтылған. Көрменің ашылу рәсімінде сөз алған Абай музейінің директоры, академик, әдебиеттанушы-философ, Қазақстанның еңбек...

Абай облысының әкімі Жидебайда

Абай облысының әкімі Жидебайда Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Абай ауданына сапары барысында Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының бөлімдері Бөрілідегі Мұхтар Әуезов музей-үйіне және Жидебайдағы Абай музей-үйіне барып, атқарылған жұмыстармен танысты. Сондай-ақ Абай-Шәкәрім мемориалдық кешенінде болып ақын рухына тағзым етті.

Музей түні: Абай әлеміне саяхат

МУЗЕЙ ТҮНІ: АБАЙ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ «Желсіз түнде жарық ай» музей түні аясында Семей қаласының тұрғындары мен қонақтары Абай музейінен орын алған хакім Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған музей экспозицияларымен танысып, музей қызметкерлері жүргізген экскусияны тыңдап, Абай әлеміне сапар шекті. Музей түнінде руханият ордасына жиналған жұртшылық Абай заманындағы құнды жәдігерлермен және данышпан ақын алақанының табы қалған аса бағалы экспонаттармен, архив деректері және құжаттарымен...

Музей түні: мерейтойлық көрмелер

МУЗЕЙ ТҮНІ: МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КӨРМЕЛЕР Музейін түнін тамашалауға келген қала тұрғындары мен қонақтары мерекеге орай тұсауы кесілген жаңа көрмелермен танысты. Әсет Найманбайұлының 155 жылдығына орай Абай музейінің Мақаншыдағы бөлімі Ә.Найманбайұлы музей-үйінің «Алты Алаш ардақтаған Әсет ақын» көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Абайдың ақындық өнер мектебінің көрнекті өкілі Әсет ақынға қатысты жәдігерлер мен тарихи деректер музей түніне жиналған қауымның таңданысын тудырған айтулы шара болды. Сондай-ақ Мұхтар...

Музей түні: «Желсіз түнде жарық ай»

МУЗЕЙ ТҮНІ: «ЖЕЛСІЗ ТҮНДЕ ЖАРЫҚ АЙ» Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында 2022 жылдың 20 мамыр күні Халықаралық музейлер күніне орай «Желсіз түнде жарық ай» тақырыбындағы музей түнінің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Салтанатты шарада Шығыс Өңірлік қолбасшылығының оркестрі өз өнерлерімен жиналған көпшілікті тәнті етіп, М.Төлебаев атындағы саз училищесінің тәлімгерлері, қаламыздағы мәдениет және өнер мекемелерінің өнерпаздары, елімізге белгілі сахна майталмандары өнерлерін паш етті. Бұған қоса,...