Абай облысының әкімі Жидебайда
Абай облысының әкімі Жидебайда
Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Абай ауданына сапары барысында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының бөлімдері Бөрілідегі Мұхтар Әуезов музей-үйіне және Жидебайдағы Абай музей-үйіне барып, атқарылған жұмыстармен танысты. Сондай-ақ Абай-Шәкәрім мемориалдық кешенінде болып ақын рухына тағзым етті.