Жаңалықтар

Мемлекет басшысы абай музейінің жаңа экспозициясын ашты

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 15 қазан күні Абай музейінің жаңа экспозициясын ашты. Ел Президентімен бірге ҚР-ның Мемлекеттік хатшысы Қ.Көшербаев, ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Райымқұлова ақынның өмірі мен шығармашылығына арналып, заманауи үлгіде жаңартылған музей эскпозициясымен танысты. – Ұлы Абай – біздің еліміздің мақтанышы ғана...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жидебайда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жидебайға арнайы келіп, «Абай-Шәкәрім» мемориалдық кешені мен ақынның музей-үйінде атқарылған жұмыстармен танысты. Мемлекет басшысы атқарылған жұмыстарға оң бағасын беріп, мемориалдық кешен мен ақынның музей-үйіне естелікке кітаптар сыйлады. Сондай-ақ, қайта жаңғыртудан өткен «Сапар орталығын» аралап көріп, зияратшыларға қызмет көрсету орнының...

Калькулятор пассивного дохода от инвестиций Расчет пассивного дохода

Например, если вы сдаете недвижимость в аренду, вы можете столкнуться с проблемами поиска арендаторов или с нестабильностью арендных платежей. Также, бизнес может быть сезонным и иметь временные колебания в доходности. Если вы владеете бизнесом или другим активом, который генерирует пассивный доход, вы сталкиваетесь с...

Абайтану дәрістері

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі Семей қаласының Білім бөлімімен бірлесе отырып мектеп ұстаздарына арналған «Абайтану дәрістері» тақырыбында семинар ұйымдастырды. Аталған шараға қала және қала маңындағы мектеп мұғалімдері қатысты. Семинар барысында әр түрлі абайтану тақырыбындағы қордаланған мәселелер көтеріліп, сұрақ-жауап алынып ұстаздар қауымы өз ойларымен бөлісті. Оқушылардың білім беру...

Абай музейінің достары

ТЫНЫШТЫҚБЕК ӘБДІКӘКІМҰЛЫ. Ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. 1990-1993 жылдары аралығындағы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ғылыми қызметкері. Мемлекеттік Абай қорық-музейінің «Абай» медалімен марапатталған. Қазақ поэзиясына алғашқы тұсаукесер топтамасымен-ақ өлең сүйер қауымды елең еткізе келген Абай елінің тумасы. Ел ертеңі, жер тағдыры тақырыбын жаңаша жырлаумен ерекшеленеді. Ақындық көру аясы...

Абай мен Толстойдың шаңырағы меморандумға қол қойды

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейі мен Л.Н.Толстойдың «Ясная-Поляна» мемлекеттік музей-усадьбасы қос тараптан шығармашылық ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Бұдан бұрында шығармашылық байланыста болып келген музейлердің болашақтағы шаралар жоспары айқындалған. Атап өтетін болсақ, үстіміздегі 2019 жылы Л.Н.Толстойдың «Ясная Поляна» мемлекеттік музей-усадьбасы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейіне көрме әкеледі. Ал, 2020...

Абай музейінің көрмелері қала мектептерінде

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ғылыми қызметкерлері «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында қаламыздағы №13 мектеп ұжымымен кездесті. Кездесу барысында Абай, Шәкәрім, М.Әуезовтың өмірі мен шығармашылығына арналған дәріс оқылып, «Абай жолы – Алашты паш еткен әлемге» тақырыбындағы жылжымалы көрме таныстырылды. Ел болашағына баланған жас өрендер ойларында жүрген...