Жаңалықтар

Музей қараушысы

«Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы» РМҚК-не келесі бос лауазымына:

Шәкір Әбенов музей-үйіне музей қараушысы  (1 бірлік) қажет.

 (Абай облысы Абай ауданы, Құндызды ауылы)

 

Біліктілікке қойылатын талаптар:

  • жұмыс өтіліне қатысты талаптар қойылмай, жалпы орта білім.

Лауазымдық міндеттері:

  • жәдігерлердің сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асырады;
  • экспозицияларды күнделікті таңғы және кешкі тексеруді жүзеге асырады,
  • келушілер үшін музей, музей-қорық ашылудан бұрын сеніп тапсырылған экспозицияны тізім бойынша қабылдап алып, жұмыс аяқталғаннан кейін бөлім жетекшісіне өткізеді;
  • этикетаждың бар болуын, музейдегі, музей-қорықтағы температура мен ылғалдылық деңгейін тексереді, кезекші журналға жазбаларды енгізеді;
  • музей, музей-қорық бойынша анықталған бұзушылықтар мен ескертпелер журналын жүргізеді;
  • анықталған кемшіліктер туралы оларды жою үшін өндірістік персоналға, шаруашылық қызметке жедел хабарлама береді;
  • музей заттарының бүлінулерінің, жоғалуы мен ұрлануының алдын алу бойынша шаралар қабылдайды;
  • жәдігерлердің сақталуы жағдайын қадағалауды жүзеге асырады;
  • әйнектер мен жәдігерлердің толық сақталымын қадағалайды;
  • келушілерге қызмет көрсету кезінде қызметтік этикетті сақтайды;
  • музей, музей-қорықтың жұмыс тәртібін сақтайды;
  • өрт сөндіру құралдарын пайдалану машығын біледі;
  • материалдық жауапкершілік туралы шартқа сәйкес өзінің міндеттемелері бойынша жауап береді.

Білуі тиіс:

  • ҚР Конституциясын;
  • Еңбек кодексін;
  • «Мәдениет туралы», «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын.

Жаңалықпен бөлісіңіз