Республика күніне арналған кітап көрмесі
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында Республика күніне орай «Қыран елім – Қазақстаным» атты тақырыпта кітап көрмесі ұйымдастырылды. Республика күні – Тәуелсіздігімізді ұлықтайтын мерекеке. 25 қазан ұлттық мереке Республика күні деп белгіленді. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өз сөзінде: «Қазақстанның Мемлекеттік егемендігі туралы декларация қастерлі Тәуелсіздігімізге жол ашты. Сондықтан бұл тарихи құжаттың мән-маңызы зор» - деген еді. Ұйымдастырылған кітап көрмесіне Қазақстанның қалыптасуы...




