Абай мұрасы – халық даналығы» атты көрмесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде қазақ әдебиетінің ұлы тұлғасы, ақын, философ Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай «Абай мұрасы – халық даналығы» атты көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Бұл іс-шара Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының ұйымдастыруымен жүзеге асты. Көрмеге ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінен арнайы меймандар қатысты, олардың арасында Абайдың алыс тумасы, Ләйлә Баймағамбетова Мухлисқызы да бар. Көрме Абай Құнанбайұлының өмірі...




