Жаңалықтар

Ұлағатты ұрпақтар бас қосуы

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының ұйымдастыруымен 17 наурыз - «Шаңырақ күніне» орай «Ұлағат ұғынған ұрпақ» тақырыбында шара өткізілді. Отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасыларды насихаттауға бағытталған кездесуге Абайдың ақындық өнер мектебінің дәстүрін жалғаған халық ақыны, шешен сөздің шебері Төлеу Көбдіковтің немересі Ш.Мұратқызы мен шөбересі Е.Тегісбекұлы арнайы қатысты. Кездесуде ақынның мұрасын жинақтауға үлес қосқан, шығармаларының бас-аяғы түгенделіп...

Халық ақынына арналған көрме

15 наурыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының ұйымдастыруымен Абайдың ақындық өнер мектебінің дәстүрін жалғастырушы, халық ақыны Төлеу Көбдіковтің 150 жылдығына  арналған «Жүрегіне Абай сөзін сақтаған жан» көрмесі ашылды. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Төлеу Көбдіковтің анасы Қуандық Абайдың замандасы. Төлеу ақынның өзі де хакім Абайды көзімен көріп, ұлағатын тыңдаған жандардың бірі. Оның Абай туралы қалдырған естелік әңгімесі...

«Әлем таныған тұлға – Мұстафа Шоқай» атты мәдени-танымдық іс-шара өткізілді.

2024 жылдың 14-15 наурызы аралығында «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы» РМҚК ынтымақтастық меморандумы аясында наурыз айының жоспарына сәйкес Астана қаласы әкімдігінің Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясы жанынан ашылған Мұстафа Шоқай музейі бірлесіп, «Әлем таныған тұлға – Мұстафа Шоқай» атты мәдени-танымдық іс-шара өткізілді. Айтулы іс-шара 14 наурыз күні «Алаш арыстары – Мұхтар Әуезов» музейінде «Көрісу. Амал мерекесі» дәстүрін атап...

«Қазақтың ғалым қыздары» кітап көрмесі

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай  «Қазақтың ғалым қыздары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады. Қазақ қыздары ғылым саласында да қомақты еңбек етіп, ғылымның алуан түрлі саласының дамуына үлестерін қосты және қосып келеді. Көрме ғұмырын ғылымға арнаған қазақтың  ғалым қыздар жайында ақпарат береді. Көрменің мақсаты: қазақтың ғалым қыздарының еңбектерін көпшілік назарына ұсыну, насихаттау. Көрмеден еліміздің рухани құндылықтары жолында еңбек еткен, өздерінің...

Абай музейінің ардақтысы

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында абайтанушы, әдебиет сыншысы, музей саласының ардагері, «ҚР еңбек сіңірген қызметкері», «Құрмет» орденінің иегері Төкен Ибрагимовтың 85 жылдығына орай еске алуға арналған «Абай деп соққан жүрегі» тақырыбындағы шара өткізілді. Шараның ашылу салтанатында сөз алған Абай музейі директорының міндетін атқарушы Ұлан Сағадиев белгілі жазушы, әдебиет пен өнер зерттеушісі Төкен Смайылұлының қазақ әдебиетінің өрістеуіне қосқан...

«Әбілхан Қастеевтің Абай әлемі» көрмесі

2024 жылы 17 қаңтарда Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі Ә. Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына орай «Әбілхан Қастеевтің Абай әлемі» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрмеге суретшінің Абай музейі қорында жинақталған туындылары ұсынылды. Көрермендер «Әбілхан Қастеевтің Абай әлемі» көрмесінен суретшінің портрет, пейзаж жанрында орындаған туындыларын тамашалады. Сонымен қатар көрмеге...

«Оқыған жан қолтаңбамнан танысын …» көрмесі ашылды

Бүгін Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында музей қорында жинақталған көрнекті ақын-жазушылардың, қоғам қайраткерлерінің қолтаңба түсіріп, музейге арнайы сыйға тартқан туындыларынан тұратын «Оқыған жан қолтаңбамнан танысын...» атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Көрмеге қойылған жеке қолтаңбасымен сыйға берілген кітаптар топтамасында М.Әуезов, Қ.Мұхамедханов, Р.Нұрғали, Х.Сүйіншәлиев, М.Мырзахметов және т.б. ғалымдардың зерттеу еңбектері және Ж.Молдағалиев, М.Әлімбаев, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, Ә.Нұршайықов, Ф.Оңғарсынова сынды ақын-жазушылардың шығармалары бар....

Ресей және Өзбекстан музейлерімен жаңа ынтымақтастық

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы Бердах атындағы қарақалпақ әдебиетінің тарихы мемлекеттік музейімен және А.С.Пушкиннің «Михайловское» мемлекеттік тарихи-әдеби мемориалдық және табиғи-ландшафтық музей-қорығымен өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Меморандум аясында өзара музей қорын толықтыру, ғылыми және әдістемелік конференция мен семнар, көрмелер өткізуді жоспарланып, бірлескен ғылыми зерттеулер мен жобаларды жүзеге асыру барысы талқыланды. Халықаралық жобалар

«Тау тұлғаларға тұғыр болған қасиетті Павлодар өңірі»

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Тау тұлғаларға тұғыр болған қасиетті Павлодар өңірі» атты жылжымалы көрмесінің ашылуы өтті. Алғашқы болып сөз алған Абай музейі директорының міндетін атқарушы М.Қайрамбаева екі музей арасындағы шығармашылық байланыс жылдар бойы жалғасып келе жатқандығын айта келіп, Г.Н.Потанин атындағы музей басшысы А.Ержанұлына алғыс хат табыстады. Көрмеге Павлодар өңірінің көрнекті тұлғаларының құнды заттары, сирек кездесетін құжаттар...

«Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы, халық жанашыры» атты әдеби-танымдық шара өтті

Бүгін 5 қыркүйек – ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні. «Алаш арыстары – М.Әуезов» музейінде «Ахмет Байтұрсынұлы – ұлт ұстазы, халық жанашыры» атты әдеби-танымдық шара өтті. Студенттер мен ұстаздарға алдымен музей экспозициясымен таныстырып, экскурсия жүргізілді. Музейде өткен шарада музей қорынан Ахмет Байтұрсынұлының өз қолымен жазған өмірбаяны, кітаптары көрермендер назарына ұсынылды. Іс-шараның соңында Майя Бекбаеваның «Великий учитель нации Ахмет Байтурсынов» атты...