Жаңалықтар

«Алашқа даңқы шыққан Ер Құнанбай» көрмесі

Құнанбай Өскенбайұлына 220 жыл  Құнанбай Өскенбайұлы 1804 жылы бұрынғы Семей облысы Шыңғыстаудың бауыр жағына құлай ағатын «Хан өзені» деген өзеннің жағасында ақпанның қақаған аязды күнінде туыпты. Әкесі Өскенбай Тобықты руының биі болған, әділдігімен танылған адам. Ұлы ақын Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбайұлы – Қазақстан тарихындағы із қалдырған тарихи тұлға, би, қоғам қайраткері болған адам. Қазақ шежіресінде Құнанбай бидің арғы ата-бабалары былайша таратылады: Арғын –...

«Алашқа даңқы шыққан Ер Құнанбай» көрмесінің ашылуы

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында қазақ тарихында елеулі із қалдырған көрнекті тарихи тұлға, би, қоғам қайраткері Құнанбай Өскенбайұлының 220 жылдығына арналған «Алашқа даңқы шыққан Ер Құнанбай» көрмесінің ашылуы өтті. Құнанбай Өскенбайұлы ел ішіндегі дау-жанжалды реттеу, халық арасында билік айту мен мұсылмандықты өтеу, Қарқаралыда мешіт-медресе салдырып, Меккеде тәкие (қонақ үй) салдыру сияқты бастама көтеруде, халықтың әлеуметтік-саяси істеріне көп...

«Абайтануды оқытудың ерекшеліктері» тәжірибелік-әдістемелік семинар

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы және Абай облысы Білім басқармасының Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы бірлесіп 2024 жылдың 27 наурызында «Абайтануды оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында тәжірибелік-әдістемелік семинар өткізді. Семинардың негізгі мақсаты: «Абайтану» курсының өзектілігі арттырудағы пән мұғалімдерінің әдістемесін жетілдіру; Оқушылардың «Абайтану» курсы бағдарламасын толық игеруі үшін музей мен оқу орындарының жұмыстарын үйлестіру; Музейлік педагогиканы жетілдіруде мектеп мұғалімдерімен...

Абай музейінде Наурыз тойы аталып өтті

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының ұйымдастыруымен 22 наурыз Ұлыстың ұлы әз-Наурыз мерекесіне орай «Наурызнама – береке бастауы» тақырыбында этномәдени-мерекелік шара өтті. Шара аясында қазақ халқының ұлттық ойындары тоғызқұмалақ, арқан тартыс, қол күрес, гір тасын көтеру, асық ату сияқты ойын түрлерінен сайыстар, «Сәруар» ұлттық бағыттағы үйірмелер орталығы мен ақ жаулықты әжелеріміздің Абайға ертегі айтқан Зере әженің ертегісіндей етіп...

Ұлағатты ұрпақтар бас қосуы

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының ұйымдастыруымен 17 наурыз - «Шаңырақ күніне» орай «Ұлағат ұғынған ұрпақ» тақырыбында шара өткізілді. Отбасылық құндылықтарды дәріптеуге, өнегелі ұрпақ тәрбиелеген үлгілі отбасыларды насихаттауға бағытталған кездесуге Абайдың ақындық өнер мектебінің дәстүрін жалғаған халық ақыны, шешен сөздің шебері Төлеу Көбдіковтің немересі Ш.Мұратқызы мен шөбересі Е.Тегісбекұлы арнайы қатысты. Кездесуде ақынның мұрасын жинақтауға үлес қосқан, шығармаларының бас-аяғы түгенделіп...

Халық ақынына арналған көрме

15 наурыз күні ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының ұйымдастыруымен Абайдың ақындық өнер мектебінің дәстүрін жалғастырушы, халық ақыны Төлеу Көбдіковтің 150 жылдығына  арналған «Жүрегіне Абай сөзін сақтаған жан» көрмесі ашылды. Қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Төлеу Көбдіковтің анасы Қуандық Абайдың замандасы. Төлеу ақынның өзі де хакім Абайды көзімен көріп, ұлағатын тыңдаған жандардың бірі. Оның Абай туралы қалдырған естелік әңгімесі...

«Әлем таныған тұлға – Мұстафа Шоқай» атты мәдени-танымдық іс-шара өткізілді.

2024 жылдың 14-15 наурызы аралығында «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы» РМҚК ынтымақтастық меморандумы аясында наурыз айының жоспарына сәйкес Астана қаласы әкімдігінің Мұстафа Шоқай атындағы №51 мектеп-гимназиясы жанынан ашылған Мұстафа Шоқай музейі бірлесіп, «Әлем таныған тұлға – Мұстафа Шоқай» атты мәдени-танымдық іс-шара өткізілді. Айтулы іс-шара 14 наурыз күні «Алаш арыстары – Мұхтар Әуезов» музейінде «Көрісу. Амал мерекесі» дәстүрін атап...

Директор РГКП «Жидебай-Бөрілі»

Мәдениет комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министірлігінің «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны директорының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды Конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары: Орналасқан орнын, пошталық мекенжайын, телефонын көрсете отырып, кәсіпорынның атауы, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны: Абай облысы, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов...

«Қазақтың ғалым қыздары» кітап көрмесі

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай  «Қазақтың ғалым қыздары» атты кітап көрмесі ұйымдастырылады. Қазақ қыздары ғылым саласында да қомақты еңбек етіп, ғылымның алуан түрлі саласының дамуына үлестерін қосты және қосып келеді. Көрме ғұмырын ғылымға арнаған қазақтың  ғалым қыздар жайында ақпарат береді. Көрменің мақсаты: қазақтың ғалым қыздарының еңбектерін көпшілік назарына ұсыну, насихаттау. Көрмеден еліміздің рухани құндылықтары жолында еңбек еткен, өздерінің...

Абай музейінің ардақтысы

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында абайтанушы, әдебиет сыншысы, музей саласының ардагері, «ҚР еңбек сіңірген қызметкері», «Құрмет» орденінің иегері Төкен Ибрагимовтың 85 жылдығына орай еске алуға арналған «Абай деп соққан жүрегі» тақырыбындағы шара өткізілді. Шараның ашылу салтанатында сөз алған Абай музейі директорының міндетін атқарушы Ұлан Сағадиев белгілі жазушы, әдебиет пен өнер зерттеушісі Төкен Смайылұлының қазақ әдебиетінің өрістеуіне қосқан...