«АБАЙ МУЗЕЙІ – АҚЫН МҰРАСЫНЫҢ ҚАРА ШАҢЫРАҒЫ» АТТЫ КӨРМЕ
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында музейдің 85 жылдық мерейтойына орай «Абай музейі – ақын мұрасының қарашаңырағы» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – ұлт руханиятының ұйытқысына айналған қасиетті қарашаңырақтың қалыптасу және даму тарихын, музейдің көп жылдық еңбегін, мәдени мұраның сақталуы мен насихатталуына қосқан үлесін көрсету. Көрмеде музейдің 1940 жылдан бүгінгі күнге дейінгі тарихы кезең-кезеңімен қамтылған. Экспозиция...




