Жаңалықтар

«Абайдың күйлері» тақырыбында дәріс өтті

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында Шәкәрім университеті студенттеріне «Абайдың күйлері» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріс барысында Абай Құнанбайұлының күй өнеріндегі орны, қазақ музыка мәдениетіне қосқан үлесі және ақын күйлерінің ерекшеліктері кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар, Абайдың музыкалық мұрасы мен оның ұлттық өнердегі маңызы туралы мазмұнды ақпараттар айтылып, студенттерге тарихи-танымдық мәліметтер ұсынылды. Іс-шараның мақсаты – жастарға Абай мұрасын насихаттап, ұлттық музыка өнеріне деген...

“Алдымда ақын Абай – темірқазық” атты көрмесіне тақырыптық экскурсия өткізілді

Абай музейінде ғылыми қызметкер Дильназ Ғалымбекқызы Қайым Мұхамедхановтың 110 жылдығына арналған “Алдымда ақын Абай – темірқазық” атты көрме аясында Әлихан Бөкейхан университеті студенттеріне тақырыптық экскурсия өткізді. Экскурсия барысында көрнекті абайтанушының ғылыми мұрасы, Абай Құнанбайұлы шығармашылығын зерттеудегі өлшеусіз еңбегі кеңінен таныстырылып, Абай тұлғасының рухани әлемі тереңінен насихатталды. Көрме – ұлт руханиятының темірқазығына айналған Абай мұрасын ұлықтауға бағытталған тағылымды шара.

Қазақ музыкасын зерттеуші, композитор А.Жұбановтың туғанына 120 жыл

Жұбанов Ахмет Қуанұлы – композитор, дирижер, музыка зерттеушісі. Ахмет Жұбанов Абайдың музыкалық мұрасын 1933 жылдан бастап зерттей бастады. Абай әндерін жинауға, олардың сахнада орындалуына ерекше ат салысты. 1938 жылы Абайдың немересі Мәкен Турағұлқызынан ақынның «Айттым сәлем, қаламқас», «Ата-анаға көз қуаныш», «Бойы бұлғаң», «Біреуден біреу артылса», «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Қор болды жаным» әндерін жазып алды. 1941 жылы А.Жұбановтың...

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында кезекті Ғылыми кеңес өтті.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында кезекті Ғылыми кеңес өтті. Ғылыми кеңесте Ә.Найманбайұлы музейі қызметі 2025 жылғы, 2026 жылдың І тоқсанындағы көрсеткіштері, «Жидебай» қорығы - Абайдың музей-үйі бөлімінің экскурсия жетекшісі Г.Құсайынованың есебі және Шәкәрім университетімен бірлескен ғылыми жоба бойынша атқарылған жұмыстар есебі тыңдалды. Сонымен қатар 2026 жылға арналған музей қызметінің негізгі мақсатты көрсеткіштері туралы (КРІ) және І тоқсандағы бөлімдерінің ақылы қызметін...

«Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» бірлесіп «Абай Құнанбайұлының рухани қазынасы және мектепте оқыту әдістемесі» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырылды

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы және Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» бірлесіп «Абай Құнанбайұлының рухани қазынасы және мектепте оқыту әдістемесі» тақырыбында ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырылды. Семинардың негізгі мақсаты: «Абайтану» курсының өзектілігі арттырудағы пән мұғалімдерінің әдістемесін жетілдіру; Оқушылардың «Абайтану» курсы бағдарламасын толық игеруі үшін музей мен оқу орындарының жұмыстарын үйлестіру; Музейлік педагогиканы жетілдіруде мектеп мұғалімдерімен өзара тәжірибе алмасу; Музей мен білім...

«Абай шаңырағындағы әз Наурыз» атты ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесіне орай «Абай шаңырағындағы әз Наурыз» атты ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтары кеңінен дәріптеліп, Наурыз мейрамының мазмұны мен маңызы тереңінен таныстырылды. Іс-шара аясында «Жайық келіп Ертіске қосылғанда» атты республикалық айтысқа қатысушы ақындардың қатысуымен ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі...

Ұлыстың ұлы күні наурыз мерекесіне арналған кітап көрмесі

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамына орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. Наурыз мейрамы – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Ұлыстың ұлы күні. Күн мен түннің теңелетін, жер арқасы кеңіп, күллі тіршілік әлемі қайта түлейтін табиғат мерекесі. Көрменің мақсаты – өскелең ұрпақтың халықтың өткен тарихына, дәстүрі мен салт санасына деген қызығушылығын арттыру. Кітап көрмесінде Наурыз мейрамының тойлану...

«МЕН БІР ҒАСЫР КУӘСІ» ӘДЕБИ КЕШ ЖӘНЕ КӨРМЕНІҢ АШЫЛУЫ

Бүгін ақын, сазгер, күйші Шәкір Әбенұлының 125 жылдығына арналған «Мен бір ғасыр куәсі» атты әдеби кеш және көрменің ашылу салтанаты өтті. Әдеби кешті Абай музейінің директоры Ұ.Сағадиев алғы сөзімен ашып, ақынның ұрпағы Сана Шәкірқызына құрмет көрсетті. Шәкәрім университетінің ф.ғ.д, профессор А.Қадыров «Ш.Әбенұлының ақындығы» баяндама жасады. Халықаралық Абай қорының президенті О.Кәрібжанов, Абай облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Әлин, С.Шәкірқызы ақын жайлы естеліктерімен бөлісіп,...

Озерки жалпы орта білім беретін мектебінің 7 сынып оқушыларына «Абай музейіндегі музыкалық аспаптар» тақырыбында онлайн-дәріс өткізілді.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында 24 ақпан күні Озерки жалпы орта білім беретін мектебінің 7 сынып оқушыларына «Абай музейіндегі музыкалық аспаптар» тақырыбында онлайн-дәріс өткізілді. Дәрістің мақсаты: Оқушыларға Абай музейіндегі музыкалық аспаптар арқылы қазақтың дәстүрлі музыка мәдениетін, музей экспозициясындағы музыкалық аспаптармен таныстыру. Домбыра, қобыз, сыбызғы т.б. музыкалық аспаптардың тарихи және мәдени маңыздылығын түсіндіру. Абай Құнанбайұлының музыка өнеріне қосқан үлесін талдау.

«Шәкәрім даналығы» Аймақтық білім сайысы

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында 20 ақпан  күні қазақ әдебиетінің кемеңгер ақыны, Абайдың ақындық мектебінің талантты шәкірті әрі немере інісі Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Шәкәрім даналығы» атты аймақтық білім сайысы өтті. Дәстүрге айналған «Шәкәрім даналығы» білім сайысының мақсаты Шәкәрім ақынның өмірін, оның әдеби мұрасын жас ұрпақ арасында кеңінен насихаттау. Сайыс қорытындысы бойынша: І-орын Қайырбек Даяна Шәкәрім атындағы №5 гимназия ІІ-орын Сұлтан Алмас №...