«Оқыған жан қолтаңбамнан танысын …» көрмесі ашылды
Бүгін Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында музей қорында жинақталған көрнекті ақын-жазушылардың, қоғам қайраткерлерінің қолтаңба түсіріп, музейге арнайы сыйға тартқан туындыларынан тұратын «Оқыған жан қолтаңбамнан танысын...» атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Көрмеге қойылған жеке қолтаңбасымен сыйға берілген кітаптар топтамасында М.Әуезов, Қ.Мұхамедханов, Р.Нұрғали, Х.Сүйіншәлиев, М.Мырзахметов және т.б. ғалымдардың зерттеу еңбектері және Ж.Молдағалиев, М.Әлімбаев, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, Ә.Нұршайықов, Ф.Оңғарсынова сынды ақын-жазушылардың шығармалары бар....