Жаңалықтар

Көне жәдігерлер көрмесі

Абай музейінде «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының «Тарихи Түркістан» тақырыбындағы көрмесінің ашылу салтанаты өткізілді. Аталған көшпелі көрме ІІІ-XVIII ғасырларға тән музей қорындағы нумизматикалық материалдар бойынша жасақталған. Бұған қоса Қазақстанның ортағасырлық тарихында, оның ішінде қазақ халқының мемлекеттілігінің қалыптасуы және дамуы барысында ерекше орын алатын тарихи-географиялық аймақтар хақында да мол мәліметтер қамтылған. Көрменің ашылу рәсімінде сөз алған Абай музейінің директоры, академик, әдебиеттанушы-философ, Қазақстанның еңбек...

Абай облысының әкімі Жидебайда

Абай облысының әкімі Жидебайда Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев Абай ауданына сапары барысында Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының бөлімдері Бөрілідегі Мұхтар Әуезов музей-үйіне және Жидебайдағы Абай музей-үйіне барып, атқарылған жұмыстармен танысты. Сондай-ақ Абай-Шәкәрім мемориалдық кешенінде болып ақын рухына тағзым етті.

Музей түні: Абай әлеміне саяхат

МУЗЕЙ ТҮНІ: АБАЙ ӘЛЕМІНЕ САЯХАТ «Желсіз түнде жарық ай» музей түні аясында Семей қаласының тұрғындары мен қонақтары Абай музейінен орын алған хакім Абайдың өмірі мен шығармашылығына арналған музей экспозицияларымен танысып, музей қызметкерлері жүргізген экскусияны тыңдап, Абай әлеміне сапар шекті. Музей түнінде руханият ордасына жиналған жұртшылық Абай заманындағы құнды жәдігерлермен және данышпан ақын алақанының табы қалған аса бағалы экспонаттармен, архив деректері және құжаттарымен...

Музей түні: мерейтойлық көрмелер

МУЗЕЙ ТҮНІ: МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КӨРМЕЛЕР Музейін түнін тамашалауға келген қала тұрғындары мен қонақтары мерекеге орай тұсауы кесілген жаңа көрмелермен танысты. Әсет Найманбайұлының 155 жылдығына орай Абай музейінің Мақаншыдағы бөлімі Ә.Найманбайұлы музей-үйінің «Алты Алаш ардақтаған Әсет ақын» көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Абайдың ақындық өнер мектебінің көрнекті өкілі Әсет ақынға қатысты жәдігерлер мен тарихи деректер музей түніне жиналған қауымның таңданысын тудырған айтулы шара болды. Сондай-ақ Мұхтар...

Музей түні: «Желсіз түнде жарық ай»

МУЗЕЙ ТҮНІ: «ЖЕЛСІЗ ТҮНДЕ ЖАРЫҚ АЙ» Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында 2022 жылдың 20 мамыр күні Халықаралық музейлер күніне орай «Желсіз түнде жарық ай» тақырыбындағы музей түнінің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті. Салтанатты шарада Шығыс Өңірлік қолбасшылығының оркестрі өз өнерлерімен жиналған көпшілікті тәнті етіп, М.Төлебаев атындағы саз училищесінің тәлімгерлері, қаламыздағы мәдениет және өнер мекемелерінің өнерпаздары, елімізге белгілі сахна майталмандары өнерлерін паш етті. Бұған қоса,...

Хакім Абай мұрасы Ақжайық жерінде насихатталды

ХАКІМ АБАЙ МҰРАСЫ АҚЖАЙЫҚ ЖЕРІНДЕ НАСИХАТТАЛДЫ 18 мамыр -Халықаралық музейлер күніне орай Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының «Семей десе, Абай деп қарайды адам...» атты жылжымалы көрмесі Орал қаласы, Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде ашылды. Көрмеге Орал қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін Абай музейінің қорында сақталған Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына қатысты құнды қолжазбалар, ақынның 1885 жылы тарихи өлкетану музейіне...

ХІІ «АБАЙДЫ ОҚЫ, ТАҢЫРҚА…»  білім сайысы өткізілді

ХІІ «АБАЙДЫ ОҚЫ, ТАҢЫРҚА...»  БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ 022 жылдың 29 сәуір күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы және Семей қаласының білім бөлімі аймақтық ХІІ «Абайды оқы, таңырқа...» білім сайысын өткізді. Аймақтық ХІІ «Абайды оқы, таңырқа...» білім сайысы білім беру саласында Абай мұрасына, оның әдеби ортасына баса назар аудару және оқу жүйесін жандандыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Байқаудың қазылар алқасының құрамында Абай музей-қорығының  директоры, ф.ғ.к Т.Шаңбай,...

Абай музейінде балдырғандарға арналған байқау өтті

АБАЙ МУЗЕЙІНДЕ БАЛДЫРҒАНДАРҒА АРНАЛҒАН БАЙҚАУ ӨТТІ 28 сәуір сағат 10.00-де Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы және Семей қаласының Білім бөлімі ұйымдастырған мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер арасында «Әсемпаз болма әрнеге...» дәстүрлі түрде алтыншы байқауы өткізілді. Сайыс қорытындысы бойынша келесі тәрбиеленушілер: І-орынды «Тұлпар» балалар шағын-орталығы – Әділбек Әмина Бауыржанқызы, ІІ-орынды №4 «Айналайын» шағын-орталығы – Тілеуғали Кәусар,  №8 «Балбөбек»  бөбекжайы  – Шалқар Амина және...

Заңғар  жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Әуезов әлемі» атты салтанатты шара

Заңғар  жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған шара Абай атындағы Семей мемлекеттік қазақ музыкалы драма театрында «Әуезов әлемі» атты салтанатты кешпен тәмамдалды. Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты. Дәурен Абаев құттықтау сөзінде Абай, Шәкәрім және Мұхтар Әуезов сияқты ұлы ақындар мен жазушылардың қасиетті Семей жерінде дүниеге келгенін ерекше атап өтті. «Бүгінгі іс-шараны...

ҚР Мәдениет және спорт министрі Абай музейінде

ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Семейге жұмыс сапары барысында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының Бас музей экспозициясымен танысып, сол жерде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Азаматтарды қабылдау кезінде спорт секцияларын жан басына қаржыландыру, мәдениет саласындағы техникалық қызметкерлердің жалақысын арттыру, тарихи объектілердің ғылыми-реставрациялық жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ гид-экскурсоводтарды даярлау мәселелері қозғалды. Министр азаматтардың барлық өтініштері бойынша толық түсініктемелер беріліп, оларды шешуге қажетті көмек...