«Мұхтар мұрасы – адамзат қазынасы» аймақтық білім сайысы өтті.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында қыркүйек айының 26 күні қазақ әдебиетінің классик жазушысы, ғұлама ғалым М.О.Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай ұйымдастырылған «Мұхтар мұрасы – адамзат қазынасы» атты аймақтық білім сайысы өтті. Дәстүрге айналған аталмыш сайысты өткізудегі басты мақсат – классик жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылық әлемін келешек жас буынның санасына сіңіріп, әр қырын терең білуге ынталандыру және кеңінен...