Жаңалықтар

Музей түні: мерейтойлық көрмелер

МУЗЕЙ ТҮНІ: МЕРЕЙТОЙЛЫҚ КӨРМЕЛЕР

Музейін түнін тамашалауға келген қала тұрғындары мен қонақтары мерекеге орай тұсауы кесілген жаңа көрмелермен танысты. Әсет Найманбайұлының 155 жылдығына орай Абай музейінің Мақаншыдағы бөлімі Ә.Найманбайұлы музей-үйінің «Алты Алаш ардақтаған Әсет ақын» көрмесі көпшілік назарына ұсынылды.

Абайдың ақындық өнер мектебінің көрнекті өкілі Әсет ақынға қатысты жәдігерлер мен тарихи деректер музей түніне жиналған қауымның таңданысын тудырған айтулы шара болды.

Сондай-ақ Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 125 жылдығы мен «Абай жолы» роман-эпопеясының 80 жылдығына орай ұйымдастырылған «Абай жолы: паш еткен әлемге» көрмесінде келушілер Абай музейнің бөлімі Бөрілідегі М.Әуезов музей-үйінің жәдігерлерімен танысып, жазушының өмірі мен шығармашылығына қатысты деректерге қанықты.

 

Жаңалықпен бөлісіңіз