Жаңалықтар

Музей түні: «Желсіз түнде жарық ай»

МУЗЕЙ ТҮНІ: «ЖЕЛСІЗ ТҮНДЕ ЖАРЫҚ АЙ»

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында 2022 жылдың 20 мамыр күні Халықаралық музейлер күніне орай «Желсіз түнде жарық ай» тақырыбындағы музей түнінің салтанатты ашылу рәсімі болып өтті.

Салтанатты шарада Шығыс Өңірлік қолбасшылығының оркестрі өз өнерлерімен жиналған көпшілікті тәнті етіп, М.Төлебаев атындағы саз училищесінің тәлімгерлері, қаламыздағы мәдениет және өнер мекемелерінің өнерпаздары, елімізге белгілі сахна майталмандары өнерлерін паш етті.

Бұған қоса, Шығыс Қазақстан облыстық «Дариға-ай» жастар театрының актерлері М.Әуезов шығармасынан үзінділер оқыса, Шәкәрім университетінің «Шәкәрім АРТ» ұлттық киімдер дефилесі көрермендер назарына ұсынылды.

 

Жаңалықпен бөлісіңіз