Жаңалықтар

ХІІ «АБАЙДЫ ОҚЫ, ТАҢЫРҚА…»  білім сайысы өткізілді

ХІІ «АБАЙДЫ ОҚЫ, ТАҢЫРҚА…» 

БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

022 жылдың 29 сәуір күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы және Семей қаласының білім бөлімі аймақтық ХІІ «Абайды оқы, таңырқа…» білім сайысын өткізді.

Аймақтық ХІІ «Абайды оқы, таңырқа…» білім сайысы білім беру саласында Абай мұрасына, оның әдеби ортасына баса назар аудару және оқу жүйесін жандандыру мақсатында ұйымдастырылып отыр.

Байқаудың қазылар алқасының құрамында Абай музей-қорығының  директоры, ф.ғ.к Т.Шаңбай, Абай музей-қорығы директорының орынбасары М.Қайрамбаева және білім бөлімінің әдіскері Н.Байсарина болды.

Жалпы сайыстың қорытындысы бойынша:

Бас жүлдені Шәкәрім атындағы ҮТО көпбейінді мектеп гимназиясының оқушысы Ф.Мансұрова, бірінші орынды Шәкәрім атындағы ҮТО көпбейінді мектеп гимназиясының оқушысы А.Бейсенғали, екінші орынды №31 мектеп оқушысы Е.Сағимоллаева және №30 мектеп оқушысы А.Раймбекова, үшінші орынды №38 мектеп оқушысы А.Әлібекқызы, №20 мектеп оқушысы А.Еркинова және «Знаменка орта білім беретін мектеп» оқушысы А.Құдайбергенова иеленді.

Сайыс жеңімпаздары, ұстаздары арнайы дипломдар, алғыс хаттар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жаңалықпен бөлісіңіз