Жаңалықтар

Абай музейінде балдырғандарға арналған байқау өтті

АБАЙ МУЗЕЙІНДЕ БАЛДЫРҒАНДАРҒА АРНАЛҒАН

БАЙҚАУ ӨТТІ

28 сәуір сағат 10.00-де Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы және Семей қаласының Білім бөлімі ұйымдастырған мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер арасында «Әсемпаз болма әрнеге…» дәстүрлі түрде алтыншы байқауы өткізілді.

Сайыс қорытындысы бойынша келесі тәрбиеленушілер: І-орынды «Тұлпар» балалар шағын-орталығы – Әділбек Әмина Бауыржанқызы, ІІ-орынды №4 «Айналайын» шағын-орталығы – Тілеуғали Кәусар,  №8 «Балбөбек»  бөбекжайы  – Шалқар Амина және №12 «Ажар» бөбекжайы – Болатбекова Раяна,  ІІІ-орынды «№3 бөбекжайы»  – Анискин Владислав,  «Алтын бесік» бөбекжайы – Тоқтаев Қайсар Серікұлы, «№15 балабақша» – Сериков Мирас иеленді.

Байқаудың қазылар алқасы құрамында Абай музей-қорығы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Қайрамбаева Мейрамгүл Сейітжапарқызы, «№14 мектеп-бақша» қазақ тілі пәнінің мұғалімі Каиржанова Гульмира Тоқтамысқызы, Абайдың мемлекеттік музей-қорығының аға ғылыми қызметкері Бейсембинова Гүлназ Талғатқызы болды.

Жеңімпаздар мен қатысушылар дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

 

Жаңалықпен бөлісіңіз