Жаңалықтар

«Музей түні»

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында 18 мамыр халықаралық музейлер күніне орай «Музей түні» шарасы аталып өтті.

«Музей түні» шарасының салтанатты ашылуы рәсімінде Абай ауданының «Қаламқас» ән-би ансамблінің шығармашылық ұжымы өнер көрсетіп, музей меймандарын өз өнерлерімен тәнті етті. Сонымен қатар  Шәкәрім университетінің студенттері мен музей меймандары өлең оқып, әдебиет пен мәдениет хақындағы ойларын ортаға салды. «Музей түнін» шарасында музейдің ең кішкентай қонақтары да назардан тыс қалған жоқ. Абай шаңырағындағы балалар бөлмесінде қылығы тәтті көрермендер сурет салып, ән айтып, өз өнерлерін көрсетті.  Оларға тәттілер ұсынылып, сый-сияпат көрсетілді. Абайды тануға, көпті білуге құштар балаларға арналған шараның өз мақсатына жеткені көңіл қуантады.

Шара аясында музей директоры Ұлан Сағадиев Абай мұрасын насихаттауға үлес қосып жүрген Абай ауданы әкімдігіне алғысын жеткізіп, әрдайым Абай музейімен шығармашылық байланыста қызмет етіп жүрген мәдениет және өнер мекемелерінің басшылары мен кәсіпкерлерді алғыс хаттармен және «Абай музейі» медалімен марапаттады.

 

Жаңалықпен бөлісіңіз