Көкбай Жанатайұлына 160 жыл
Көкбай Жанатайұлының музейі Абайдың досы, талантты шәкірттерінің бірі, ақын, әнші, композитор Көкбай Жанатайұлының Тақырдағы медресесі 1901 жылы, мешіті 1908 жылы салынған. К.Жанатайұлының мешіт-медресесі 1997 жылы қайта қалпына келтіріліп, көрме экспозициясы ретінде ашылса, 2011 жылы ақынның 150 жылдық мерейтойына орай күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Абай қорық-музейінің бөлімі ретінде ашылды. Биылғы жылы Көкбай ақынның туғанына 160 жыл мерейтойына орай жаңарту, жаңғырту жұмыстары жүргізіліп 10 қыркүйек...