Жаңалықтар

«Абайтануды оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында облыстық ғылыми-әдістемелік семинар.

«Абайтануды оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында облыстық ғылыми-әдістемелік семинар.

«Абай облысы білім білім басқармасы» ММ «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ ағымдағы жылдың 27 наурыз күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығымен бірлесіп «Абайтануды оқытудың ерекшеліктері» тақырыбында облыстық ғылыми-әдістемелік семинар өткізді.

Мақсаты: Педагогтердің біліктілігі мен кәсіби шеберлігін арттыру, орта білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек беру, қолдау көрсету. Аталған шараға өңіріміздің барлық қала, аудандарынан 60 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі келіп қатысты. Семинарда Абай ауданы «Шәкәрім атындағы орта мектебі» КММ мұғалімдері Тізгінбаева Р., Мұқанқызы Г.,  Семей қаласы  «Т.Аманов атындағы №16 мектеп» КММ мұғалімі Нұрлыбаева Ж.Н,  «№38 мектеп-лицейі» КММ мұғалімі Бекбосынова А.М, Аягөз ауданы «К.Бозтаев атындағы қазақ мектеп гимназиясы» КММ мұғалімі Шарипов Қ.Т., «С.Сейфуллин атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» КММ мұғалімі Сайтбаева М.Д. өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Семинар аясында сәуірдің 10-на дейін мақалалар қабылданып, жинақ әзірленеді. Іс-шара соңында педагогтердің ұсыныстары тыңдалып, кері байланыс алынды.

Жаңалықпен бөлісіңіз