Жаңалықтар

«Мемлекеттік тіл-менің тілім: Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…»

2023 жылғы 24 ақпанда «Абай облысы Семей қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы» РМҚК бірлесе ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл-менің тілім: Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп…» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өткізілді. Аталған дөңгелек үстелге мектеп мұғалімдері, Шәкәрім атындағы университет, Семей медициналық университетінің және М. Әуезов атындағы педагогикалық колледж студенттері, өзге ұлт жастары қатысты.

Дөңгелек үстелге қатысуға келген өзге ұлт өкілдеріне экскурсовод А.Қажыбай мемлекеттік тілде экскурсия жүргізді.

Кіріспе сөз Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы А.Бүркітбаева және Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы директорының орынбасары М.Қайрамбаеваға берілді.

№ 7 ЖОБМ мектебінің «қазақ тілі мен әдебиеті» пәні мұғалімі Э.Рахимжанова «Абай Құнанбайұлының рухани мұрасын насихаттай отырып, орыс сыныбында оқитын оқушыларға қазақ тіліне деген құрметін, қызығушылығын арттыру» тақырыбында баяндама жасап, мемлекеттік тілді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды. Іс-шараның екінші кезеңінде қатысушыларға тыңдаған экскурсиялары негізінде Абай шығармашылығына қатысты сұрақтар қойылып, жеңімпаздарға сыйлықтар тапсырылды.

Жаңалықпен бөлісіңіз