Жаңалықтар

Музей ұжымы Өскемен қаласындағы музейлерде

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ұжымы Өскемен қаласындағы музейлерге саяхат жасап қайтты. Пандемия салдарынан кейінге шегеріліп келген бұл мәдени сапарды музейдің ғылыми құрамы облыстық өлкетану музейінен бастады. Артынша Өнер музейінде және ШҚО сәулет этнографиялық және табиғи ландшафтық музей-қорығын аралады. Барлық музейлердегі әріптестерімізге директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаева ұжым атынан алғысын жеткізіп, сый-сияпаттар табыстады. Алдағы уақытта еліміздегі барлық музейлерге осындай саяхаттар ұйымдастырылып, әріптестік қарым-қатынас...

«Қазақ руханиятының қарашаңырағы»

Лекция мен кітап көрмесі өтті. Абай музейінің құрылған күніне орай 14 қазан күні Семей қаласындағы жалпы білім беретін №18 мектепте «Қазақ руханиятының қарашаңырағы» тақырыбында кітап көрмесі және лекция ұйымдастырылды. Көрмеге «Абай музейінің кітапханасы» сериясымен жарық көрген баспа өнімдері қойылды. Олар атап айтқанда абайтану, шәкәрімтану, мұхтартану және алаштануға қатысты ғылыми мақалалар, «Абай музейінің Хабаршысы» әдеби-танымдық журналы, «Абай музейінің кітапханасы» сериясымен дайындалған Абай, Шәкәрім,...

Музей қызметкерлері марапатталды

21 қазан күні Абай музейі директорының шаруашылық жұмыстары жөніндегі орынбасары Н.Райстанов және кәсіподақ ұйымының төрайымы Ж.Байгаскина Жидебайдағы Абай музей-үйінің қызметкерлеріне құрмет грамоталарын табыстап қайтты. Атап айтар болсақ, Жидебайдағы ақын музейіндегі ұзақ жылғы қажырлы еңбегі үшін Марат Мақановқа «Еңбек даңқы» медалі табысталды. Еліміздің өркендеу жолындағы ерен еңбегі үшін саланың кәсіподақ қозғалысын дамытуға және нығайтуға қосқан үлесі үшін Е.Күзембаев, Мәдениет саласына қосқан елеулі үлесі...

Тылсым сырына үңілген «Терме» көрмесі

Қазақстан Республикасының 30 жылдық мерейтойы аясында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде Қазақстан Суретшілер Одағының Семей қаласы бойынша төрағасы, суретші Төлеуғазы Жұбанышевтың «Терме» көрмесінің ашылуы өтті. ҚР Суретшілер одағының және ҚР Дизайнерлер одағының мүшесі, қыл қаламның сырына үңілген суретші Т.Жұбанышев еліміздің рухани ордасы Абай музейімен шығармашылық байланыста етене жақын жұмыс атқарып, музей ұйымдастыратын суретшілер симпозиумдеріне белсене қатысып келеді. Суретшінің музей қорында «Көкбай ақын» портреті, «Бөрілі»...

Музей күніне арналған шаралар бастау алды

Абай музейінің құрылғанына 81 жыл МУЗЕЙ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ШАРАЛАР БАСТАУ АЛДЫ Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қоры-музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған және ақын музейінің құрылған күніне орай «Абай музейі және ұлы дала тарихының жазба мұралары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының директоры А.Жарахметова, орталықтың бас сарапшысы А.Баймағамбетова, Шәкәрім атындағы университетінің басқарма мүшесі – әлеуметтік және тәрбие жұмысы...

15 қазан Абай музейінің құрылған күніне орай өтетін іс-шаралар бағдарламасы

11:00 – Абай музейі Нұр-Сұлтан қаласы қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығымен бірлесіп «Абай музейі және ұлы дала тарихының жазба мұралары» тақырыбында дөңгелек үстел; 11:40 - Филология ғылымдарының кандидаты Мұрат Тілегенұлы Иманжапардың «Сапарғали Әлімбетов шығармалары» кітабының тұсаукесер салтанаты; 12:00 - ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Нұр-Сұлтан қаласы қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығының «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» атты көрмесінің ашылуы; 15:00 -...

Абай мұрасы Солтүстік Қазақстанда насихатталды

30 қыркүйек күні Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейі Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, "Абылай хан резиденциясы" музей кешенінде Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған «Адамзаттың Абайы» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Салтанатты шараға Петропавл қаласының мәдениет басқармасы, М.Қозыбаев атындағы университет оқытушылары мен ғалымдар, студенттер және қалалық, облыстық БАҚ өкілдері қатысты. Қалалық филармония әнші және бишілерінің сүйемелдеуімен салтанатты шара...

“Заманның заңғар жазушысы”

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде 28 қыркүйек күні жазушы, ғұлама ғалым, драматург М.Әуезовтің туған күніне орай «Заманның заңғар жазушысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Жазушы Абайдың өмірі мен шығармашылығы жайлы жазу арқылы қазақ халқының өмірлік энциклопедиясын әлем әдебиетіне танымал етті. Қазіргі қазақ прозасы М.Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясымен дүниежүзі әдеби классикасының шырқау шыңына шықты. Музей кітапханасында жазушының әр жылдары баспадан жарық көрген «Абай жолы» роман-эпопеясы және осы шығарманың шет тілдердегі аудармалары ,...

Алашты ардақтаған ұлы есім

28 қыркүйек күні жазушы Мұхтар Омарханұлы Әуезовтың туған күніне орай Бөрлідегі музей ұжымы М.Әуезов атындағы орта мектебінің 10-11 сынып оқушыларымен, кітапханашы А.Сабырбекова, З.Даутовамен бірлесіп кеш өтті. Кеште оқушылар «Абай жолы» романынан, «Қорғансыздың күні» әңгімелерінен үзінде оқып, жазушыға арналған кітап көрмесін тамашалады. Кеш соңы ән мен күйге ұласты.

Ақын музейіне Жапония елінің елшісі келді

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейіне Қазақстандағы Жапония елінің Төтенше және Өкілетті елшісі Джун Ямада және хатшысы Иватарэ Отаро қонаққа келді. Жапон елшісі ұлы ақын музейін аралап, өзін қызықтырған сауалдарға жауап алып, музейдегі «Құрмет» кітабына қолтаңбасын қалдырды. Сонымен қатар, музей директоры Т.Шаңбай сый табыстап, естелік суретке түсті. Абай музейінің директоры Тұрдықұл Шаңбай Жапония елінің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Джун Ямадамен екеуара болған...