Жаңалықтар

ҚР Президентінің Жарлығымен Дәурен Абаев ҚР Мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалды.

ҚР Президентінің Жарлығымен Дәурен Абаев ҚР Мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалды. ҚР Президентінің Жарлығымен Дәурен Абаев ҚР Мәдениет және спорт министрі қызметіне тағайындалды. Дәурен Әскербекұлы 1979 жылы Алматы облысында дүниеге келген. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2006 жылы Лейден университетін тәмамдаған. 2001 жылдың тамызы мен 2003 жылдың тамызы аралығында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеген. 2003 жылдың мамыры мен...

Берекелі Бесқарағайға сапар

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің директоры Т.Шаңбай мен әкімшілік-шаруашылық жұмыстар жөніндегі орынбасары Н.Райстанов Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Бесқарағай ауданына арнайы барып қайтты. Берекелі Бесқарағайға Абай музейі басшыларының баруының өзіндік мәні бар. 2020 жылы адамзат баласы пандемия сияқты ауыр жағдайларды бастан кешіргенімен, Қазақ елінде әлем көз тіккен қуаныштар аз болмады. Сол қуаныштардың ішіндегі бірегейі хакім Абайдың 175 жылдық мерейтойы. Мемлекет Басшысы...

Тарбағатай-Барқытбел баурайындағы кездесу

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің директоры Тұрдықұл Шаңбай мен әкімшілік-шаруашылық жұмыстар жөніндегі орынбасары Нұрлан Райстанов Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Үржар ауданына жұмыс бабымен арнайы барып қайтты. Республикалық Абай музейінің бір бөлімшесі – Әсет Найманбайұлы музейі Үржар ауданы Мақаншы ауылында орналасқан. Арнайы шақырумен Үржар ауданының әкімі Нұржан Тоқсейітовтің қабылдауында болды.Нұржан Тілеужанұлы философ-әдебиеттанушы Тұрдықұл Қасенұлының басшы ретінде Абай музейін...

«Кемел елдің кемеңгер көшбасшысы» атты кітап көрмесі

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің қалыптасып, дамуында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаев ұлт көшбасшысы ретінде орасан зор еңбек атқарды. Елбасымыздың кемеңгер саясаты арқасында қазақ елі өзге елдерде танылды. Мемлекетті дамыту мақсатында экономикалық, әлеуметтік салаларда түбегейлі реформалар жүргізілді. Елбасының егемен мемлекеттің қалыптасуы мен дамуында атқарған еңбегін құрметтеу мақсатында 2011 жылы 1 желтоқсанды тұңғыш президент күні ретінде атап өту туралы заңға қол қойылды. Бұл атаулы күн 1991...

Абайдың тұңғыш жинағы реставрациядан өтті

Санкт-Петербургте 1909 жылы шыққан Абай шығармаларының жинағы Елордадағы Қолжазбалар мен сирек кездесетін кітаптар ұлттық орталығында реставрациядан өтті. Абай музейіне сапар кезінде орталық мамандары арнайы осы кітапты қайта жаңғырту үшін қабылдап, өздерімен ала кеткен. Кітапты қайта қалпына келтіру сияқты оңайға түспес бұл жұмысты, орталық мамандары сапалы деңгейде өңдеген. Өткен аптада Нұр-Сұлтан қаласында орталықтың ұйымдастыруымен Абайдың тұңғыш жинағын салтанатты түрде музей директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаева және бас қор...

Абай еліне құрмет

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің директоры Тұрдықұл Шаңбай мен әкімшілік-шаруашылық жұмыстар жөніндегі орынбасары Нұрлан Райстанов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында Абай ауданының орталығы Қарауыл селосына арнайы барып қайтты. Абай ауданының әкімі Нұржан Абдикаримовтың қабылдауында болып, өткен жылы бірлесе істелген қыруар жұмыстардың нәтижесін талқылады. 2021 жылы Көкбай Жанатайұлының 160 жылдығын, Шәкір Әбеновтың 120 жылдығын Абай музейі мен Абай ауданы бірлесе...

Абай музейі тәуелсіздік жылдарында

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Абай музейі тәуелсіздік жылдарында» айдарымен тарихи 30 деректі күнделікті назарларыңызға ұсынатын боламыз. Бізбен бірге болыңыздар!

Тарихы терең танымдық көрме

2021 жылдың 3 қараша күні Мәдениет және спорт министрлігі қарасты Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде Қазақстан Республикасының 30 жылдық мерейтойына орай Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Тамыры терең туған жер» тақырыбындағы көрменің ашылу өткізілді. Семей және Павлодар өңірінің арасына алтын көпір орнатып, музей қызметкерлерін бір арнаға тоғыстырған бұл мәдени шара сексен жылдық тарихы бар Абай музейі мен Г.Н.Потанин атындағы Павлодар облыстық...

Музей ұжымы Өскемен қаласындағы музейлерде

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ұжымы Өскемен қаласындағы музейлерге саяхат жасап қайтты. Пандемия салдарынан кейінге шегеріліп келген бұл мәдени сапарды музейдің ғылыми құрамы облыстық өлкетану музейінен бастады. Артынша Өнер музейінде және ШҚО сәулет этнографиялық және табиғи ландшафтық музей-қорығын аралады. Барлық музейлердегі әріптестерімізге директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаева ұжым атынан алғысын жеткізіп, сый-сияпаттар табыстады. Алдағы уақытта еліміздегі барлық музейлерге осындай саяхаттар ұйымдастырылып, әріптестік қарым-қатынас...

«Қазақ руханиятының қарашаңырағы»

Лекция мен кітап көрмесі өтті. Абай музейінің құрылған күніне орай 14 қазан күні Семей қаласындағы жалпы білім беретін №18 мектепте «Қазақ руханиятының қарашаңырағы» тақырыбында кітап көрмесі және лекция ұйымдастырылды. Көрмеге «Абай музейінің кітапханасы» сериясымен жарық көрген баспа өнімдері қойылды. Олар атап айтқанда абайтану, шәкәрімтану, мұхтартану және алаштануға қатысты ғылыми мақалалар, «Абай музейінің Хабаршысы» әдеби-танымдық журналы, «Абай музейінің кітапханасы» сериясымен дайындалған Абай, Шәкәрім,...