Жаңалықтар

Заңғар  жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған «Әуезов әлемі» атты салтанатты шара

Заңғар  жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына арналған шара Абай атындағы Семей мемлекеттік қазақ музыкалы драма театрында «Әуезов әлемі» атты салтанатты кешпен тәмамдалды. Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев, зиялы қауым өкілдері, мәдениет және өнер қайраткерлері қатысты. Дәурен Абаев құттықтау сөзінде Абай, Шәкәрім және Мұхтар Әуезов сияқты ұлы ақындар мен жазушылардың қасиетті Семей жерінде дүниеге келгенін ерекше атап өтті. «Бүгінгі іс-шараны...

ҚР Мәдениет және спорт министрі Абай музейінде

ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Семейге жұмыс сапары барысында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының Бас музей экспозициясымен танысып, сол жерде азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Азаматтарды қабылдау кезінде спорт секцияларын жан басына қаржыландыру, мәдениет саласындағы техникалық қызметкерлердің жалақысын арттыру, тарихи объектілердің ғылыми-реставрациялық жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ гид-экскурсоводтарды даярлау мәселелері қозғалды. Министр азаматтардың барлық өтініштері бойынша толық түсініктемелер беріліп, оларды шешуге қажетті көмек...

ҚР Мәдениет және спорт министрі Абай елінде

ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ АБАЙ ЕЛІНДЕ Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына орай ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Шығыс Қазақстанға жұмыс сапары аясында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының бөлімдеріне барды. Министр Абай Құнанбайұлының туған жері Сырт-Қасқабұлақ, Ақшоқыдағы Құнанбай қорымы, Абай-Шәкәрім мемориалдық кешендерінде болып, зиярат етті. Сондай-ақ, Жидебайдағы Абай музей-үйі экспозициясымен танысып, Бөрілідегі М.Әуезов музей-үйінің жаңа экспозициясын салтанатты түрде ашты. «Шығыс Қазақстанның киелі...

Заңғар жазушының мерейтойы Абай елінен бастау алды

ЗАҢҒАР ЖАЗУШЫНЫҢ МЕРЕЙТОЙЫ АБАЙ ЕЛІНЕН БАСТАУ АЛДЫ Бүгін Семей қаласындағы Әлихан Бөкейхан университетінде қазақтың классик жазушысы, ғұлама ғалым Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына арналған республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің басшылығымен Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы мен Әлихан Бөкейхан университеті бірлесіп өткізді. Заңғар жазушының 125 жылдық мерейтойына бастау берген ғылыми-тәжірибелік конференцияның тақырыбы: «Мұхтар Әуезовтің классикалық мұрасы...

«МҰҢ» романы Абай музейінде таныстырылды

«МҰҢ» РОМАНЫ АБАЙ МУЗЕЙІНДЕ ТАНЫСТЫРЫЛДЫ Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында академик, ойшыл, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері Ғарифолла Есімнің 75 жасқа толуына орай дөңгелек үстел және «Мұң» романының таныстырылымы өтті. Салтанатты шара барысында «Ғибратты ғұмыр» көрмесі де қонақтар назарына ұсынылды. Шараны Абай музейінің директоры Т.Шаңбай Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың құттықтау хатымен бастады. Дөңгелек үстелге қатысушы қаланың зиялы қауым өкілдері жазушыға ізгі тілектерін жеткізсе,...

Құнанбай қорымынан табылған құран музейге тапсырылды

ҚҰНАНБАЙ ҚОРЫМЫНАН ТАБЫЛҒАН ҚҰРАН МУЗЕЙГЕ ТАПСЫРЫЛДЫ Бүгін Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының қоры құнды жәдігермен толықты. 1888-89 жылдары Қазан қаласындағы баспадан жарық көрген, Ақшоқыдағы Құнанбай қорымының қабырғасынан табылған Құран кітап музейге табысталды. Қасиетті кітапты табыстау рәсіміне орай баспасөз-конференциясы өтті. 555 беттен тұратын Құранды 1977 жылы ғалым-дәрігер Ерментай Ысламұлы, Семейдегі досына келген сапарында тапқан. Ұзақ жылдар сақталған жәдігерді аманат етіп Абай елінің тумасы, техника...

Семей елі мен Жетісу жерін жалғаған көрме

СЕМЕЙ ЕЛІ МЕН ЖЕТСІУ ЖЕРІН ЖАЛҒАҒАН КӨРМЕ Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында Алаш қозғалысының 105 жылдығы аясында Алматы облыстық М.Тынышпаев атындағы тарихи-өлкетану музейінің «Жетісулық Алаш қайраткері және репрессия құрбандары» тақырыбындағы көрме ашылды. Аталған игі шара сексен жылдық тарихы бар Абай музейі мен 1993 жылы қазақтан шыққан тұңғыш теміржолшы-инженер, тарихшы, ірі мемлекет және қоғам қайраткері Мұхамеджан Тынышпаевтың есімі берілген тарихи-өлкетану музейі арасындағы 2019 жылы...

Әскери атташелер Абай музейінде

Әскери атташелер Абай музейінде ҚР Қорғаныс министрлігінің жоспары бойынша Абай музейіне Қазақстан Республикасында аккредиттелген әскери атташелер келді. Олардың қатарында Еуропа елдері, АҚШ, Канада, Түркия, Әзірбайжан, Жапония, Пәкістан, Корея, Моңғолия елдерінің өкілдері болды.Сапардың мақсаты – Семей қаласының көрікті жерлерімен, әскери-өнеркәсіптік кешендерімен және әскери бөлімдерімен танысу. Мәртебелі қонақтарға бас музейдің жаңа экспозициялары таныстырылды. Экскурсия барысында өкілдер Абай Құнанбайұлының өлеңдерінің, қарасөздерінің, әндерінің орны ерекше екеніне...

«Әуезов әлемі» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының бөлімі Бөрілідегі М.Әуезов музей-үйінің аға ғылыми қызметкері Г.Тәңірберген Нұр-Сұлтан қаласындағы Еуразия гуманитарлық институты және М.Дулатов атындағы №68 мектеп-гимназиясында жазушы М.Әуезовтің 125 жылдығына орай «Әуезов әлемі» атты жылжымалы көрме ұйымдастырды. Кемеңгер жазушының шығармалары мен ата-тегі шежіресімен таныстыру мақсатында өткен көрмеге ұстаздар, студенттер мен оқушылар қатысты. Білім ордаларының басшылығы музей ұжымына алғыстарын білдіріп, кейінгі жас ұрпақтардың санасына Абай, Шәкәрім, Мұхтар...

Ғылыми-тәжірибелік семинар «Абайтану мектеп бағдарламасында»

Ғылыми-тәжірибелік семинар «Абайтану мектеп бағдарламасында» 29 сәуір күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы және Семей қаласының Білім бөлімі мұғалімдердің біліктілігін арттыру мақсатында «Абайтану мектеп бағдарламасында» атты ғылыми-тәжірибелік семинар ұйымдастырды. Семинардың негізгі мақсаты: Абайтану курсының өзектілігі; Оқушылардың білім беру бағдарламасын толық игеру мақсатындағы музей мен оқу орындарының жұмыстарын үйлестіру; Музейдің ғылыми-насихат жұмыстарын білім беру жүйесіне жақындату; Музей мен білім беру...