Аймақтық ХІV «Абайды оқы, таңырқа…» білім сайысы өткізілді
2024 жылдың 24 сәуір күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы және Семей қаласының білім бөлімі аймақтық ХІV «Абайды оқы, таңырқа...» білім сайысын өткізді. Аймақтық ХІV «Абайды оқы, таңырқа...» білім сайысы білім беру саласында Абай мұрасына, оның әдеби ортасына баса назар аудару және оқу жүйесін жандандыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Байқаудың қазылар алқасының құрамында Абай музей-қорығы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаева, Т.Аманов атындағы №16...