Жаңалықтар

«Абай және Алаш руханияты» жобалар сайысы

Ғылым күніне орай Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы және Семей қаласының білім бөлімімен бірлесе отырып алғаш рет мектеп мұғалімдері арасында «Абай және Алаш руханияты» атты жобалар сайысын музейде өткізді.

Сайысты өткізудегі басты мақсат – Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей қорығы мен мектеп мұғалімдерінің арасындағы шығармашылық байланысты арттыра отырып, музей педагогикасын, мемлекеттік тілді дамыту. Педагогтердің инновациялық әдістері мен шығармашылық әлеуетін қалыптастырудағы тәжірибелерімен бөлісуі, жас ұрпақты тәрбиелеудегі жауапкершілік, ақпараттық сауаттылық сияқты әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуді ұсынатын үздік идеялар мен жобаларды анықтау және насихаттау.

Жобалар сайысына Семей қаласының №15, 49, 3, 16 мектептерінің және №6 гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің және тарих пәнінің мұғалімдері қатысты.

І орынды – «Абай музейімен шығармашылық байланыс арқылы оқушылардың көшбасшылық креативтік қабілеттерін дамыту» жобасымен № 16 Т.Аманов атындағы ЖОББМ-нен Г.А.Құнафина, Ж.Н.Нурлыбаева;

ІІ орынды – «Абайдың әдеби-мемориалдық музейінің қазақ әдебиетіне қосқан үлесі» жобасымен Семей қаласының № 3 ЖОББМ-нен Б.К.Абдрахманова, Г.Б.Исбаева, «Алаш қозғалысы тұсындағы қазақ қыздарының бірі – Мәриям Сейдалинаның қазақ елін оятудағы рөлі» жобасымен Семей қаласының №15 ЖОББМ-нен А.Т. Нурымбекова, Н.Б.Ибраева;

ІІІ орынды – «Алаш алыптарын қалыптастырған қайнар бұлақ» жобасымен №49 ЖОББМ-нен А.А.Омарбаева, С.Серікболатқызы, «Абай және Алаш қайраткерлері мен жас ұрпақты байланыстырған тілдік көпір» жобасымен № 6 гимназиядан Т.С.Адилбаева, А.Н.Мұқашева иеленді.

Жоба жеңімпаздарына Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің арнайы сыйлықтары табысталып, қатысушылар грамота, алғыс хаттармен марапатталды.

Жобаға қатысушыларға Абай музейінің экспозициясында экскурсия жүргізілді.

 

Жаңалықпен бөлісіңіз