Жаңалықтар

«Абай Құнанбайұлы шығармаларының тұңғыш жинағына – 115 жыл»

Абай Құнанбайұлының 1909 жылы жарық көрген шығармалар жинағының 115 жылдығы және Халықаралық тарихи ескерткіштерді қорғау күніне орай «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің «Абай және ұлттық руханият» ғылыми-зерттеу орталығымен бірлесе отырып «Абай Құнанбайұлы шығармаларының тұңғыш жинағына – 115 жыл» атты дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел барысында «Абай және ұлттық руханият» ғылыми-зерттеу орталығының жетекшісі А.Т. Смагулова Абай Құнанбайұлының 1909 жылы шыққан тұңғыш шығармалар жинағы, шығу тарихы, ғылыми маңыздылығы туралы баяндама жасап, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М.С.Қайрамбаева қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, студенттер өз ойларымен бөлісті. Сонымен студенттер қатар арнайы Абай өлеңдерін оқып, И.Сабырбаев ақын әнінен шашу шашты.

Дөңгелек үстелге Семей қаласының Шәкәрім атындағы университетінің студенттері мен магистранттары, музей қызметкерлері және қала тұрғындары қатысты.

Дөңгелек үстелден кейін студенттерге тұңғыш шығармалар жинағының жарық көру тарихында өзіндік орны бар «Алаш арыстары – М.Әуезов» музейінде арнайы экскурсия жүргізілді.

Жаңалықпен бөлісіңіз