Жаңалықтар

«Әлихан Бөкейхан және Алаш орда мұрасы: Тұлға. Тарих.  Уақыт» көшпелі ғылыми-теориялық семинар

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында Ғылым күніне орай 2024 жылдың 9 сәуірінде Alkhan Bokeikhan University, Гуманитарлық факультетінің Филология кафедрасы ұйымдастырған «Әлихан Бөкейхан және Алаш орда мұрасы: Тұлға. Тарих.  Уақыт» көшпелі ғылыми-теориялық семинар өтті.

Семинар музей мен университет арасындағы өзара шығармашылық байланысты нығайту, «Алаш» қозғалысы қайраткерлерінің тарихи рөлі мен мирас қылған мұраларын зерделеу және насихаттау мәселелерін талқылау мақсатында өткізілді.

Семинарды университеттің Стартегиялық даму және ғылым жөніндегі проректоры Ә.Қ. Қайшатаева, музейдің директорының ғылыми жұмыстары жөніндегі  орынбасары М.С.Қайрамбаева ашып, ғалым-оқытушылары ф.ғ.к., доцент Ф.А. Гайнуллина,  ф.ғ.к. Ж.Ж. Аитова, «Алаш арыстары – М.Әуезов» музейінің жетекшісі А.К.Шарифоллина баяндама жасады.

Семинарға  Alkhan Bokeikhan University ғылыми-оқытушылық құрамы, студенттері, музей қызметкерлері қатысты.

Жаңалықпен бөлісіңіз