Жаңалықтар

«Адамзаттың Абайы» көрмесі Қызылорда қаласында

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде ұйымдастырған «Адамзаттың Абайы» жылжымалы көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Көрмеде А.Құнанбайұлының 1885 жылы досы Н.Долгополов арқылы Семей қаласындағы өлкетану музейіне тапсырған заттары: «Тұмар» домбырасы, сыбызғы, торсық, ағаш құты, піспек, 1909 жылы жарыққа шыққан Абай Құнанбайұлы шығармаларының алғашқы жинағы, Отан соғысына қатысқан Абай ұрпақтарының хаттары көрермен назарына ұсынылып таныстырылды. Шараға абайтанушы Т.Жолдасова, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы С.Аңсатов, Қорқыт Ата университетінің аға оқытушысы А.Әбілов, мәдениет орталықтары мен қоғамдық ұйымдар мүшелері, БАҚ, ЖОО-ның студенттері, жергілікті ғалымдар, мектеп мұғалімдері және әдебиетшілер, тарихшылар қатысты.

Жаңалықпен бөлісіңіз