Жаңалықтар

«Отан үшін от кешкен Абай ұрпақтары»

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында «Отан үшін от кешкен Абай ұрпақтары» атты көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – Ұлы Отан соғысы жылдарында ел қорғаған Абай әулеті өкілдерінің ерлігі мен өнегелі өмір жолын насихаттап, кейінгі ұрпаққа таныстыру. Көрме барысында майдангерлерге қатысты архивтік деректер, фотосуреттер, құжаттар мен тарихи жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылды. Шара келушілерге тарихи тағылым беріп, Отанға деген...

Егерь

қорық аумағын қорғайды және ерекше қорғау режимінің сақталуын қамтамасыз етеді; бекітілген учаскені патрульдейді; табиғатты қорғау заңнамасының бұзылуын алдын алады және жолын кеседі; жануарлар дүниесін және олардың тіршілік ету ортасын сақтау бойынша іс-шараларға қатысады; қызметтік құжаттаманы жүргізеді және есептілікті жасайды.

Күзетші

объектінің мүлкі мен материалдық құндылықтарының сақталуын қамтамасыз етеді; өткізу және объектішілік режимді жүзеге асырады; қызметкерлердің, келушілердің және көлік құралдарының кіруі мен шығуын бақылайды; белгіленген кестеге сәйкес объект аумағын патрульдейді; объектідегі қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалайды; құқық бұзушылықтардың алдын алады және жолын кеседі; төтенше жағдайларға (өрт, апат, дабыл) дереу әрекет етеді; болған оқиғалар туралы басшылыққа және тиісті қызметтерге хабарлайды; қызметтік құжаттаманы...

Жұмысшы

өндірістік тапсырмаларды орындайды; бекітілген жабдық пен құралдарды күтіп ұстайды және оларды жарамды күйде сақтайды; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайды; жұмыс орнында тәртіпті қамтамасыз етеді; жабдықтағы анықталған ақаулар туралы басшысына хабарлайды; еңбек тәртібін және ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтайды; өзінің біліктілігі шегінде басшының басқа да тапсырмаларын орындайды.

Экскурсия жетекшісі

экскурсияларды жоғары ғылыми және танымдық деңгейде жүргізеді, келушілерге қызмет көрсетудің жоғары мәдениетін қамтамасыз етеді; экспозициялар мен көрмелер бойынша белгіленген нормаларға сәйкес дәрістер оқиды, жаңа экскурсиялық және дәрістік тақырыптарды әзірлейді; экскурсиялар мен дәрістерді өткізу әдістемесін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізеді; әдістемелік құжаттарды дайындауға, экскурсиялар мен дәрістерді тыңдауға қатысады; соңғы ғылыми зерттеулер негізінде ғылыми-ағартушылық жұмыс жүргізеді; экскурсиялар мен дәрістердің тақырыптарын әзірлейді; отандық...

Х «ӘСЕМПАЗ БОЛМА ӘРНЕГЕ…» БҮЛДІРШІНДЕРГЕ АРНАЛҒАН БАЙҚАУ ӨТТІ

29 сәуір күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы мен Семей қаласының білім бөлімі ұйымдастыруымен мектеп жасына дейінгі балалар арасында дәстүрлі Х «Әсемпаз болма әрнеге…» байқауы өтті. Байқау жас бүлдіршіндердің Абай шығармашылығына деген қызығушылығын арттыру, көркем сөз оқу мәдениетін қалыптастыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Сайыс қорытындысы бойынша: І орынды №1 «Арман» бөбекжайы тәрбиеленушісі Қуандықова Адия иеленді. ІІ орын: №21 ЖОББМ КММ оқушысы Олжасбекқызы Айару; №38 ЖОББМЛ...

Әсет Найманбайұлының әдеби музейінде Үржар және Мақаншы аудандарының мектеп оқушылары арасында дәстүрлі «Әсет оқулары» байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды

Әсет Найманбайұлының әдеби музейінде Үржар және Мақаншы аудандарының мектеп оқушылары арасында дәстүрлі «Әсет оқулары» байқауы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл рухани шараның басты мақсаты – Әсет Найманбайұлының мол мұрасын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау, оқушылардың көркем сөз оқу шеберлігін дамыту және ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру. Байқауға баға берген әділқазылар алқасы құрамында: ҚР-ның Мәдениет қайраткері, әсеттанушы, «Мақаншы айнасы» газеті редакторының орынбасары Разуев...

ХVI «АБАЙДЫ ОҚЫ, ТАҢЫРҚА…» БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

2026 жылдың 16 сәуір күні Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы және Семей қаласының білім бөлімі аймақтық ХVI «Абайды оқы, таңырқа...» білім сайысын өткізді. Аймақтық ХVI «Абайды оқы, таңырқа...» білім сайысы білім беру саласында Абай мұрасына, оның әдеби ортасына баса назар аудару және оқу жүйесін жандандыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Білім сайысы Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының директоры Ұ.Сағадиевтің құттықтау сөзімен ашылды. Сайыстың қазылар алқасының құрамында Абайдың...

«Абайдың күйлері» тақырыбында дәріс өтті

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында Шәкәрім университеті студенттеріне «Абайдың күйлері» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріс барысында Абай Құнанбайұлының күй өнеріндегі орны, қазақ музыка мәдениетіне қосқан үлесі және ақын күйлерінің ерекшеліктері кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар, Абайдың музыкалық мұрасы мен оның ұлттық өнердегі маңызы туралы мазмұнды ақпараттар айтылып, студенттерге тарихи-танымдық мәліметтер ұсынылды. Іс-шараның мақсаты – жастарға Абай мұрасын насихаттап, ұлттық музыка өнеріне деген...

“Алдымда ақын Абай – темірқазық” атты көрмесіне тақырыптық экскурсия өткізілді

Абай музейінде ғылыми қызметкер Дильназ Ғалымбекқызы Қайым Мұхамедхановтың 110 жылдығына арналған “Алдымда ақын Абай – темірқазық” атты көрме аясында Әлихан Бөкейхан университеті студенттеріне тақырыптық экскурсия өткізді. Экскурсия барысында көрнекті абайтанушының ғылыми мұрасы, Абай Құнанбайұлы шығармашылығын зерттеудегі өлшеусіз еңбегі кеңінен таныстырылып, Абай тұлғасының рухани әлемі тереңінен насихатталды. Көрме – ұлт руханиятының темірқазығына айналған Абай мұрасын ұлықтауға бағытталған тағылымды шара.