«АБАЙТАНУДЫҢ АСҚАН БІЛГІРІ» МӘДЕНИ ШАРА
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы мен Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті бірлесе қазақтың көрнекті ғалымы, әдебиет зерттеушісі, абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың туғанына 110 жыл толуына орай «Абайтанудың асқан білгірі» атты мәдени шара ұйымдастырды. Бүгінде мемлекеттік мәртебедегі музей-қорыққа айналған қасиетті қара шаңырақта Қайым Мұхамедханов жәдігерлер мен ұлы ақын жайындағы естеліктер, қолжазбалардың жиналуына мол еңбек сіңірді. Осы әдеби музейді абайтану саласының ғылыми орталығына...





