ТУРИЗМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ ЭКСКУРСИЯ
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік музей-қорығының ұйымдастыруымен 27 қыркүйек Дүниежүзілік туризм күніне орай Семей-Жидебай-Қоңырәулие бағытында танымдық экскурсия өтті. Аталған турда Абай музейінің бөлім меңгерушісі Қ.Қиықбай Абай мен оның айналасына қатысты тарихи жерлер бойынша Семей қаласының тұрғындары мен қала меймандарына тағылымдық мағлұмат берді.




