«Абай шаңырағындағы әз Наурыз» атты ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында Ұлыстың ұлы күні – Әз-Наурыз мерекесіне орай «Абай шаңырағындағы әз Наурыз» атты ауқымды мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Шара барысында қазақ халқының салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтары кеңінен дәріптеліп, Наурыз мейрамының мазмұны мен маңызы тереңінен таныстырылды. Іс-шара аясында «Жайық келіп Ертіске қосылғанда» атты республикалық айтысқа қатысушы ақындардың қатысуымен ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі...




