Жаңалықтар

«АБАЙ АМАНАТЫ – ЕЛДІК МҰРАТ» АТТЫ ТАРИХИ-ТАНЫМДЫҚ КЕЗДЕСУ

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында Қазақстан Республикасы күніне орай «Абай аманаты – елдік мұрат» атты тарихи-танымдық кездесу өтті. Іс-шараға Әлихан Бөкейхан университетінің тарих факультетінің оқытушысы, тарих магистрі, докторант Жолдыбалина Гүлсая Әскербекқызы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Абай облыстық филиалының төрағасы, Семей қаласының құрметті азаматы Шәріпбаев Орал Тоқтарұлы, Абай облысының лингвистикалық орталығының әдіскері Қалиақбаров Жандос Бейбітбекұлы және Шәкәрім университетінің студенттері қатысты. Кездесу барысында «Абайдың елдік...

«АБАЙҒА АДАЛДЫҚ: НҰРБҰЛАН ӨТЕПБАЕВ»

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында 16 қазан күні Абай әлемін бейнелеу өнері арқылы танытып, қазақ руханиятына өзіндік қолтаңбасымен қызмет еткен суретші-иллюстратор Нұрбұлан Өтепбаевтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Абайға адалдық: Нұрбұлан Өтепбаев» атты шығармашылық кеш пен сурет көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Шығармашылық кеште өнер иесінің шығармашылық ізденістері мен ұлттық руханиятқа қосқан үлесі дәріптелсе, көрмеде Абай...

Мұхтар ізбасарлары

30.09.2026 ж. Бөрілідегі М.Әуезов музей үйінде жазушының туған күніне орай Қасқабұлақ ауылдық кітапханасының ұжымы «Кітап керуені», М.Әуезов атындағы орта мектебінің 10 «а», 10 «ә» оқушылары «Алаш аманаттары», «Мұхтар ізбасарлары» атты командалары қатысып әдеби квест өткізілді. Шараға оқушылар сұрақ-жауаптарға белсенділік танытып өздерінің білімділіктерін көрсетті. Музей меңгерушісі Ш.Исабаев оқушыларға әдеби квестке қатысқандарына рахметін айтып «Мұхтар ізбасарлары» командасына 1-ші орын, «Алаш аманаттары» командасы 2-ші...

ТУРИЗМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ ЭКСКУРСИЯ

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік музей-қорығының ұйымдастыруымен 27 қыркүйек Дүниежүзілік туризм күніне орай Семей-Жидебай-Қоңырәулие бағытында танымдық экскурсия өтті. Аталған турда Абай музейінің бөлім меңгерушісі Қ.Қиықбай Абай мен оның айналасына қатысты тарихи жерлер бойынша Семей қаласының тұрғындары мен қала меймандарына тағылымдық мағлұмат берді.  

«МҰХТАР МҰРАСЫ – АДАМЗАТ ҚАЗЫНАСЫ» АЙМАҚТЫҚ БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында қазақ әдебиетінің классик жазушысы, ғұлама ғалым М.О.Әуезовтің туған күніне орай ұйымдастырылған «Мұхтар мұрасы – адамзат қазынасы» атты аймақтық білім сайысы өтті. Дәстүрге айналған аталмыш сайысты өткізудегі басты мақсат – классик жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылық әлемін келешек жас буынның санасына сіңіріп, әр қырын терең білуге ынталандыру және кеңінен насихаттау. Сайысқа жалпы саны 25 үміткер қатысты....

Бөрілідегі М.Әуезов музейінің меңгерушісі Ш.Исабаев

Бөрілідегі М.Әуезов музейінің меңгерушісі Ш.Исабаев және жоғары дәрежелі бас маман Г.Тәңірберген Қасқабұлақ ауылдық кітапханасында Көкбай Жанатайұлының туғанына 165 жыл толуына арналған «Абайдан сабақ алдым бала жастан» жылжымалы көрмесін ұйымдастырды. Кітапхана қызметкерлері мен оқырмандарға ақынның шығармалары мен өлеңдерін таныстырды.

«Семей – Алаш қаласы», «Алаш қозғалысы кезіндегі Семей қаласының орны» сынды

«Семей – Алаш қаласы», «Алаш қозғалысы кезіндегі Семей қаласының орны» сынды тақырыптарды қамтыған 7-11 қыркүйек аралығындағы тақырыптық экскурсияларға Семей қаласындағы Медициналық университеті, Шәкәрім университеті мен Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенттері қатысты.Экскурсиялар барысында музей меңгерушісі Қ.Қиықбай мен экскурсовод Г.Тілеубергенқызы Алаш қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы мағлұматтармен бөлісіп, ұлт тарихына қатысты мәліметтерді таныстырды.

«ҒАЛЫМ ҒҰМЫРЫ — ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ»

8 қазан күні Абай ауданында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен жазушы, ғалым, абайтанушы, алаштанушы, мұхтартанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбайдың 75 жылдық мерейтойына орай «Ғалым ғұмыры - ұлт қазынасы» атты салтанатты кеш өтті. Мерейтойлық кеш аясында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының ұйымдастыруымен ғалымнын өмірі мен шығармашылығына арналған көрме көпшілік назарына ұсынылды. Көрме арқылы көрермендер Тұрсын Жұртбайдың ғылыми-зерттеу еңбектерімен, абайтану, алаштану және мұхтартану салаларына қосқан...