Қазақ музыкасын зерттеуші, композитор А.Жұбановтың туғанына 120 жыл
Жұбанов Ахмет Қуанұлы – композитор, дирижер, музыка зерттеушісі. Ахмет Жұбанов Абайдың музыкалық мұрасын 1933 жылдан бастап зерттей бастады. Абай әндерін жинауға, олардың сахнада орындалуына ерекше ат салысты. 1938 жылы Абайдың немересі Мәкен Турағұлқызынан ақынның «Айттым сәлем, қаламқас», «Ата-анаға көз қуаныш», «Бойы бұлғаң», «Біреуден біреу артылса», «Көзімнің қарасы», «Сегіз аяқ», «Қараңғы түнде тау қалғып», «Қор болды жаным» әндерін жазып алды. 1941 жылы А.Жұбановтың...




