Жаңалықтар

«МҰХТАР МҰРАСЫ – АДАМЗАТ ҚАЗЫНАСЫ» АЙМАҚТЫҚ БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында қазақ әдебиетінің классик жазушысы, ғұлама ғалым М.О.Әуезовтің туған күніне орай ұйымдастырылған «Мұхтар мұрасы – адамзат қазынасы» атты аймақтық білім сайысы өтті. Дәстүрге айналған аталмыш сайысты өткізудегі басты мақсат – классик жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылық әлемін келешек жас буынның санасына сіңіріп, әр қырын терең білуге ынталандыру және кеңінен насихаттау. Сайысқа жалпы саны 25 үміткер қатысты....

Бөрілідегі М.Әуезов музейінің меңгерушісі Ш.Исабаев

Бөрілідегі М.Әуезов музейінің меңгерушісі Ш.Исабаев және жоғары дәрежелі бас маман Г.Тәңірберген Қасқабұлақ ауылдық кітапханасында Көкбай Жанатайұлының туғанына 165 жыл толуына арналған «Абайдан сабақ алдым бала жастан» жылжымалы көрмесін ұйымдастырды. Кітапхана қызметкерлері мен оқырмандарға ақынның шығармалары мен өлеңдерін таныстырды.

«Семей – Алаш қаласы», «Алаш қозғалысы кезіндегі Семей қаласының орны» сынды

«Семей – Алаш қаласы», «Алаш қозғалысы кезіндегі Семей қаласының орны» сынды тақырыптарды қамтыған 7-11 қыркүйек аралығындағы тақырыптық экскурсияларға Семей қаласындағы Медициналық университеті, Шәкәрім университеті мен Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенттері қатысты.Экскурсиялар барысында музей меңгерушісі Қ.Қиықбай мен экскурсовод Г.Тілеубергенқызы Алаш қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы мағлұматтармен бөлісіп, ұлт тарихына қатысты мәліметтерді таныстырды.

АБАЙДАН САБАҚ АЛДЫМ БАЛА ЖАСТАН…» ӘДЕБИ КЕШ ЖӘНЕ КӨРМЕНІҢ АШЫЛУЫ.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында ақын, әнші, Абайдың дарынды шәкірті, досы Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған «Абайдан сабақ алдым бала жастан...» атты әдеби кеш және көрменің ашылу салтанаты өтті. Әдеби кешті Абай музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаева алғы сөзімен ашып, асылдың ұрпағы, ақынның немересі А.Көкбаев өз алғысын білдірді. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Абай академиясы ғылыми-зерттеу институының директоры Ж.Әубәкір «К.Жанатайұлының ақындығы»...

Прейскурант

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 25.05.2026 ж. №242/НҚ бұйрығына сәйкес Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей қорығы РМҚК ақылы қызметтерінің бағасы өзгергенін хабарлаймыз.

«Адамзаттың бәрін сүй…»

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы Абай облысы Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесіп Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мәдениет және өнер қызметкерлері арасында «Адамзаттың бәрін сүй...» атты әдеби квест өткізді. Әдеби квестке Семей қаласында орналасқан мәдениет және өнер ошақтарының қызметкерлерінен құралған 4 топ қатыстысып, өз білімдерін сынады. Бас жүлдені – «Көк бөрі» тобы, І орын – «Қызыл жебе», ІІ...

«Шәкәрім Құдайбердіұлының рухани мұрасын әдеби-мәдени

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында 2026 жылдың 13 мамырында «Шәкәрім Құдайбердіұлының рухани мұрасын әдеби-мәдени, тарихи-этнографиялық, географиялық, лингвистикалық тұрғыдан кешенді зерттеу: цифрлық интеграция және этнотуризм» тақырыбындағы ғылыми жоба аясында Абай музей-қорығы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында филология ғылымдарының PhD докторы Әубәкірова Қарлығаш Әділханқызы, PhD доктор, қауымдастырылған профессор Қасымова Асем Аленовна, филология ғылымдарының кандидаты, шәкәрімтанушы Смағұлова Ақмарал Төлеуғазықызы...

«Отан үшін от кешкен Абай ұрпақтары»

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында «Отан үшін от кешкен Абай ұрпақтары» атты көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – Ұлы Отан соғысы жылдарында ел қорғаған Абай әулеті өкілдерінің ерлігі мен өнегелі өмір жолын насихаттап, кейінгі ұрпаққа таныстыру. Көрме барысында майдангерлерге қатысты архивтік деректер, фотосуреттер, құжаттар мен тарихи жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылды. Шара келушілерге тарихи тағылым беріп, Отанға деген...

«ҰЛЫЛАРДЫҢ ҰРПАҒЫ, ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ»

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында 8 мамыр күні Құнанбай қажының ұрпағы, Абай мұрасын насихаттаушы, ұстаз Мінәш Әрхамқызының 100 жылдығына арналған «Ұлылардың ұрпағы, ұлағатты ұстаз» атты әдеби кеш және кітаптың тұсаукесері өтті. Әдеби кешті Абай музейінің директоры Ұ.Сағадиев алғы сөзімен ашып, шежіреші, ұстаз, қаламгер М.Жанболатұлы, Абай облысының ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Әлин, ұстаздың ұрпақтары мен туыстары естеліктерімен бөлісіп, музей қызметкері А.Кенжеханқызы «Ұлағатты ұстаз, ғалым,...

Егерь

қорық аумағын қорғайды және ерекше қорғау режимінің сақталуын қамтамасыз етеді; бекітілген учаскені патрульдейді; табиғатты қорғау заңнамасының бұзылуын алдын алады және жолын кеседі; жануарлар дүниесін және олардың тіршілік ету ортасын сақтау бойынша іс-шараларға қатысады; қызметтік құжаттаманы жүргізеді және есептілікті жасайды.