Жаңалықтар

АБАЙДАН САБАҚ АЛДЫМ БАЛА ЖАСТАН…» ӘДЕБИ КЕШ ЖӘНЕ КӨРМЕНІҢ АШЫЛУЫ.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында ақын, әнші, Абайдың дарынды шәкірті, досы Көкбай Жанатайұлының 165 жылдығына арналған «Абайдан сабақ алдым бала жастан...» атты әдеби кеш және көрменің ашылу салтанаты өтті. Әдеби кешті Абай музейі директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары М.Қайрамбаева алғы сөзімен ашып, асылдың ұрпағы, ақынның немересі А.Көкбаев өз алғысын білдірді. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент, Абай академиясы ғылыми-зерттеу институының директоры Ж.Әубәкір «К.Жанатайұлының ақындығы»...

Прейскурант

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 25.05.2026 ж. №242/НҚ бұйрығына сәйкес Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей қорығы РМҚК ақылы қызметтерінің бағасы өзгергенін хабарлаймыз.

«Адамзаттың бәрін сүй…»

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы Абай облысы Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесіп Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне арналған мәдениет және өнер қызметкерлері арасында «Адамзаттың бәрін сүй...» атты әдеби квест өткізді. Әдеби квестке Семей қаласында орналасқан мәдениет және өнер ошақтарының қызметкерлерінен құралған 4 топ қатыстысып, өз білімдерін сынады. Бас жүлдені – «Көк бөрі» тобы, І орын – «Қызыл жебе», ІІ...

«Шәкәрім Құдайбердіұлының рухани мұрасын әдеби-мәдени

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында 2026 жылдың 13 мамырында «Шәкәрім Құдайбердіұлының рухани мұрасын әдеби-мәдени, тарихи-этнографиялық, географиялық, лингвистикалық тұрғыдан кешенді зерттеу: цифрлық интеграция және этнотуризм» тақырыбындағы ғылыми жоба аясында Абай музей-қорығы қызметкерлерінің біліктілігін арттыру және тәжірибе алмасу мақсатында филология ғылымдарының PhD докторы Әубәкірова Қарлығаш Әділханқызы, PhD доктор, қауымдастырылған профессор Қасымова Асем Аленовна, филология ғылымдарының кандидаты, шәкәрімтанушы Смағұлова Ақмарал Төлеуғазықызы...

«Отан үшін от кешкен Абай ұрпақтары»

9 мамыр – Ұлы Жеңіс күніне орай Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында «Отан үшін от кешкен Абай ұрпақтары» атты көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – Ұлы Отан соғысы жылдарында ел қорғаған Абай әулеті өкілдерінің ерлігі мен өнегелі өмір жолын насихаттап, кейінгі ұрпаққа таныстыру. Көрме барысында майдангерлерге қатысты архивтік деректер, фотосуреттер, құжаттар мен тарихи жәдігерлер көпшілік назарына ұсынылды. Шара келушілерге тарихи тағылым беріп, Отанға деген...

«ҰЛЫЛАРДЫҢ ҰРПАҒЫ, ҰЛАҒАТТЫ ҰСТАЗ»

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында 8 мамыр күні Құнанбай қажының ұрпағы, Абай мұрасын насихаттаушы, ұстаз Мінәш Әрхамқызының 100 жылдығына арналған «Ұлылардың ұрпағы, ұлағатты ұстаз» атты әдеби кеш және кітаптың тұсаукесері өтті. Әдеби кешті Абай музейінің директоры Ұ.Сағадиев алғы сөзімен ашып, шежіреші, ұстаз, қаламгер М.Жанболатұлы, Абай облысының ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Әлин, ұстаздың ұрпақтары мен туыстары естеліктерімен бөлісіп, музей қызметкері А.Кенжеханқызы «Ұлағатты ұстаз, ғалым,...

Егерь

қорық аумағын қорғайды және ерекше қорғау режимінің сақталуын қамтамасыз етеді; бекітілген учаскені патрульдейді; табиғатты қорғау заңнамасының бұзылуын алдын алады және жолын кеседі; жануарлар дүниесін және олардың тіршілік ету ортасын сақтау бойынша іс-шараларға қатысады; қызметтік құжаттаманы жүргізеді және есептілікті жасайды.

Күзетші

объектінің мүлкі мен материалдық құндылықтарының сақталуын қамтамасыз етеді; өткізу және объектішілік режимді жүзеге асырады; қызметкерлердің, келушілердің және көлік құралдарының кіруі мен шығуын бақылайды; белгіленген кестеге сәйкес объект аумағын патрульдейді; объектідегі қоғамдық тәртіптің сақталуын қадағалайды; құқық бұзушылықтардың алдын алады және жолын кеседі; төтенше жағдайларға (өрт, апат, дабыл) дереу әрекет етеді; болған оқиғалар туралы басшылыққа және тиісті қызметтерге хабарлайды; қызметтік құжаттаманы...

Жұмысшы

өндірістік тапсырмаларды орындайды; бекітілген жабдық пен құралдарды күтіп ұстайды және оларды жарамды күйде сақтайды; еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтайды; жұмыс орнында тәртіпті қамтамасыз етеді; жабдықтағы анықталған ақаулар туралы басшысына хабарлайды; еңбек тәртібін және ішкі еңбек тәртібі қағидаларын сақтайды; өзінің біліктілігі шегінде басшының басқа да тапсырмаларын орындайды.

Экскурсия жетекшісі

экскурсияларды жоғары ғылыми және танымдық деңгейде жүргізеді, келушілерге қызмет көрсетудің жоғары мәдениетін қамтамасыз етеді; экспозициялар мен көрмелер бойынша белгіленген нормаларға сәйкес дәрістер оқиды, жаңа экскурсиялық және дәрістік тақырыптарды әзірлейді; экскурсиялар мен дәрістерді өткізу әдістемесін жетілдіру бойынша жұмыс жүргізеді; әдістемелік құжаттарды дайындауға, экскурсиялар мен дәрістерді тыңдауға қатысады; соңғы ғылыми зерттеулер негізінде ғылыми-ағартушылық жұмыс жүргізеді; экскурсиялар мен дәрістердің тақырыптарын әзірлейді; отандық...