Жаңалықтар

«ЕРІКТІ ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАНЫМ!» БІЛІМ САЙЫСЫ

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы және Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі бірлесе Қазақстан Республикасының ұлттық мерекесі – Республика күніне арналған колледж студенттері арасында «Ерікті елім – Қазақстаным!» атты білім сайысын ұйымдастырды. (далее…)

«АБАЙ МУЗЕЙІ – АҚЫН МҰРАСЫНЫҢ ҚАРА ШАҢЫРАҒЫ» АТТЫ КӨРМЕ

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында музейдің 85 жылдық мерейтойына орай «Абай музейі – ақын мұрасының қарашаңырағы» атты мерейтойлық көрме ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты – ұлт руханиятының ұйытқысына айналған қасиетті қарашаңырақтың қалыптасу және даму тарихын, музейдің көп жылдық еңбегін, мәдени мұраның сақталуы мен насихатталуына қосқан үлесін көрсету. Көрмеде музейдің 1940 жылдан бүгінгі күнге дейінгі тарихы кезең-кезеңімен қамтылған. Экспозиция...

МУЗЕЙ ТАРИХЫНДАҒЫ ТҰЛҒАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШ

ҚР Мәдениет және ақпарат  министрлігі Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының 85 жылдық мерейтойы аясында 22 қазан күні «Музей тарихындағы тұлғалар» ескерткіш тақталары ашылды. Абай кеңістігіне, ақын әлеміне қауыштыратын ұлық орда Абай музейінде Әрхам Ысқақов, Қайым Мұхамедханұлы, Борис Аккерман Абай музейіне зор үлес қосқан зерттеуші-ғалымдар. Өткен ғасырдың елуінші жылдарынан бастап Ахат Шәкәрімұлы, Арғынғазы Қайсақанов, Ниязбек Алдажаров, Мұздыбай Бейсенбаев, Кашаф Туғанбаев, Төкен Ибрагимов, Бекен Исабаев,...

МУЗЕЙ МАМАНДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының 85 жылдық мерейтойы аясында Абай мұрасын насихаттауда елеулі еңбек етіп жүрген музей мамандары марапатталды. Абай музейінің дамуы мен өркендеуі жолындағы табысты қызметі үшін алдымен музей саласының ардагерлері ардақталып, музей директоры зор алғысын білдірді. Ел руханиятының өрісін ашып, өңірдің өнерін өрістетіп жүрген мухей қызметкерлері ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі А.Сыдықовтың «Құрмет грамотасымен», ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің...

«Заманауи музейтану: цифрландыру, қолжетімділік және тұрақты даму

2025 жылдың 22 қазанында Абайдың “Жидебай-Бөрілі” мелекеттік музей қорығының құрылғанына 85 жыл толуына арналған «Заманауи музейтану: цифрландыру, қолжетімділік және тұрақты даму»  халықаралық ғылыми-тəжірибелік конференциясы  өтті. Конференция жұмысының негізгі бағыттары: - Музейтану теориясы мен тарихы; - Музей коллекцияларын сақтау, қалпына келтіру және есепке алудың заманауи әдістері; - Көрме қызметі және экспозициялардың жаңа форматтары; - Музей педагогикасы; - Музей – креативті индустрия алаңы; - Музейлерді цифрландыру, виртуалды экспозициялар...

«АБАЙҒА АДАЛДЫҚ: ӘРХАМ КӘКІТАЙҰЛЫ» АТТЫ ӘДЕБИ КЕШ

Биылғы жыл Абай музейінің ашылғанына 85 жыл. Осыған орай музейде қызмет еткен тұлғалар еңбегін ұлықтау мақсатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында 17 қазан күні абайтанушы, жазушы Әрхам Кәкітайұлының 140 жылдығына арналған «Абайға адалдық: Әрхам Кәкітайұлы» атты әдеби кеш өтті. Әрхам Кәкітайұлының өмір жолы Абай музейімен тығыз байланысты. Абай музейінің ірге тасын қаласып, шаңырағын көтеру ісінде Әрхам Кәкітайұлы...

Әуезов әлемі бейнелеу өнерінде

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей қорығында 28 қыркүйек кемеңгер жазушы М.Әуезовтың туған күніне орай «Әуезов әлемі бейнелеу өнерінде» тақырыбында музей қорынан көрме ұйымдастырылды. Көрмеге Әуезов шығармашылығы арқау болған суретшілердің туындылары қойылды. Олардың қатарында Г.Исмаилованың «М.Әуезов» портреті, И.Исабаевтың «М.Әуезов. Абай жолы», М.Калимовтың «Мұхтар», А.Каухаровтың «Әуезов алаңы», Е.Мурумбаевтың «Көксерек»,  А.Бухарбаевтың «М.Әуезов сериясынан», Г.Бекбердинованың «Жас Мұхтар», М.Қисамединовтың «Мұхтар Әуезов» графикалық жұмысы, жергілікті...

Роллан Сағынғалиұлы Мырзаханов «Жидебай-Бөрілі» музей-қорығы директорының орынбасары болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті төрағасының  2025 жылғы 25 қыркүйектегі № 78-жбұ бұйрығымен Мырзаханов Роллан Сағынғалиұлы «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын директорының әкімшілік-шаруалық ісі жөніндегі орынбасары болып тағайындалды. 2013 жылы Семей қаласындағы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін “Құқықтану” мамандығы бойынша  бітірген.  

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы мен Семей қаласындағы № 45 жалпы орта білім беретін мектебінің ұйымдастыруымен «Абай сөзі ұрпаққа үлгі» тақырыбында дәріс өткізілді.

Ғылыми-танымдық шара аясында «Алаш арыстары - Мұхтар Әуезов» музейінің меңгерушісі Қ.Қиықбай Абайдың қарасөздері, ақынға әсер еткен орта мен ойшылдың тағылымын тыңдап, тәлімін жалғаған өнер ортасы туралы мағлұмат берді. Өз кезегінде мектеп оқушылары музей қызметкеріне хакім Абайға қатысты сұрақтарын қойып, қызықты мәліметтерге қанықты.

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығы мен Семей қаласындағы №45 жалпы орта білім беретін мектебінің ұйымдастыруымен «Абай сөзі ұрпаққа үлгі» тақырыбында дәріс өткізілді.

Ғылыми-танымдық шара аясында «Алаш арыстары - Мұхтар Әуезов» музейінің меңгерушісі Қ.Қиықбай Абайдың қарасөздері, ақынға әсер еткен орта мен ойшылдың тағылымын тыңдап, тәлімін жалғаған өнер ортасы туралы мағлұмат берді. Өз кезегінде мектеп оқушылары музей қызметкеріне хакім Абайға қатысты сұрақтарын қойып, қызықты мәліметтерге қанықты.