Жаңалықтар

Мұхтар ізбасарлары

30.09.2026 ж. Бөрілідегі М.Әуезов музей үйінде жазушының туған күніне орай Қасқабұлақ ауылдық кітапханасының ұжымы «Кітап керуені», М.Әуезов атындағы орта мектебінің 10 «а», 10 «ә» оқушылары «Алаш аманаттары», «Мұхтар ізбасарлары» атты командалары қатысып әдеби квест өткізілді. Шараға оқушылар сұрақ-жауаптарға белсенділік танытып өздерінің білімділіктерін көрсетті. Музей меңгерушісі Ш.Исабаев оқушыларға әдеби квестке қатысқандарына рахметін айтып «Мұхтар ізбасарлары» командасына 1-ші орын, «Алаш аманаттары» командасы 2-ші...

ТУРИЗМ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ТАНЫМДЫҚ ЭКСКУРСИЯ

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Абайдың "Жидебай-Бөрілі" мемлекеттік музей-қорығының ұйымдастыруымен 27 қыркүйек Дүниежүзілік туризм күніне орай Семей-Жидебай-Қоңырәулие бағытында танымдық экскурсия өтті. Аталған турда Абай музейінің бөлім меңгерушісі Қ.Қиықбай Абай мен оның айналасына қатысты тарихи жерлер бойынша Семей қаласының тұрғындары мен қала меймандарына тағылымдық мағлұмат берді.  

«МҰХТАР МҰРАСЫ – АДАМЗАТ ҚАЗЫНАСЫ» АЙМАҚТЫҚ БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында қазақ әдебиетінің классик жазушысы, ғұлама ғалым М.О.Әуезовтің туған күніне орай ұйымдастырылған «Мұхтар мұрасы – адамзат қазынасы» атты аймақтық білім сайысы өтті. Дәстүрге айналған аталмыш сайысты өткізудегі басты мақсат – классик жазушы, ғұлама ғалым Мұхтар Әуезовтің өмірі мен шығармашылық әлемін келешек жас буынның санасына сіңіріп, әр қырын терең білуге ынталандыру және кеңінен насихаттау. Сайысқа жалпы саны 25 үміткер қатысты....

Бөрілідегі М.Әуезов музейінің меңгерушісі Ш.Исабаев

Бөрілідегі М.Әуезов музейінің меңгерушісі Ш.Исабаев және жоғары дәрежелі бас маман Г.Тәңірберген Қасқабұлақ ауылдық кітапханасында Көкбай Жанатайұлының туғанына 165 жыл толуына арналған «Абайдан сабақ алдым бала жастан» жылжымалы көрмесін ұйымдастырды. Кітапхана қызметкерлері мен оқырмандарға ақынның шығармалары мен өлеңдерін таныстырды.

«Семей – Алаш қаласы», «Алаш қозғалысы кезіндегі Семей қаласының орны» сынды

«Семей – Алаш қаласы», «Алаш қозғалысы кезіндегі Семей қаласының орны» сынды тақырыптарды қамтыған 7-11 қыркүйек аралығындағы тақырыптық экскурсияларға Семей қаласындағы Медициналық университеті, Шәкәрім университеті мен Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің студенттері қатысты.Экскурсиялар барысында музей меңгерушісі Қ.Қиықбай мен экскурсовод Г.Тілеубергенқызы Алаш қайраткерлерінің өмірі мен қызметі туралы мағлұматтармен бөлісіп, ұлт тарихына қатысты мәліметтерді таныстырды.

«ҒАЛЫМ ҒҰМЫРЫ — ҰЛТ ҚАЗЫНАСЫ»

8 қазан күні Абай ауданында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен жазушы, ғалым, абайтанушы, алаштанушы, мұхтартанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор Тұрсын Жұртбайдың 75 жылдық мерейтойына орай «Ғалым ғұмыры - ұлт қазынасы» атты салтанатты кеш өтті. Мерейтойлық кеш аясында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығының ұйымдастыруымен ғалымнын өмірі мен шығармашылығына арналған көрме көпшілік назарына ұсынылды. Көрме арқылы көрермендер Тұрсын Жұртбайдың ғылыми-зерттеу еңбектерімен, абайтану, алаштану және мұхтартану салаларына қосқан...

ҚОҢЫР ӘБДІЛДАҰЛЫНЫҢ «ЖАРАЛЫ ДАЛА» АТТЫ ЖЕКЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ КӨРМЕСІ

Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында 26 тамыз 2026 жылы Семей ядролық полигонының жабылғанына 35 жыл толуына орай Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, халықаралық «Тұран» сыйлығының лауреаты Қоңыр Әбділдаұлы Мұхамедиевтің «Жаралы дала» атты жеке шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Қоңыр Мұхамедиевтің туындыларынан туған жердің тынысын, табиғаттың үнсіз сырын, уақыттың салмағын және адам мен жер арасындағы байланысты...

«АБАЙ МҰРАСЫ – АДАМЗАТ ҚАЗЫНАСЫ»: ӘДЕБИ КВЕСТ

10 тамыз – Абай күні мерекесіне орай Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығында «Абай мұрасы – адамзат қазынасы» атты әдеби квест ұйымдастырылды. Дәстүрлі түрде төртінші жыл қатарынан өткізіліп отырған танымдық шара Семей қаласының Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімімен бірлесіп жүзеге асырылды. Квесттің басты мақсаты – ұлы ақын Абай Құнанбайұлының, Шәкәрім Құдайбердіұлының, Көкбай Жанатайұлының шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау, қатысушылардың ақын өмірі...